Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20000 %100 %

Бокстан әлем чемпионаты: 2 қазақстандық қыз жартылай финалға шықты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 18:00 - 2019/10/10


Ресейдің Улан-Удэ қаласында өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық екі боксшы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлем чемпионатында 64 келі салмақта сынға түскен Милана Сафронова бүгін жартылай финалда Мелиса Неждетовамен қолғап түйістірген болатын. Нәтижесінде төрешілер қазақстандық боксшының жеңгені жөнінде ұйғарым жасады.

Милана Сафронова 1991 жылы Қарағанды облысы Сарань қаласында дүниеге келген. Ол әлем чемпионатында бұдан бұрын Ботсванадан келген Аратва Касемангты жеңіп кетті.

Сондай-ақ, бүгін Дина Исламбекова 81 келіден жоғары салмақта шаршы алаңға шықты. Ол итальяндық Флавия Северинді тізе бүктірді. Дина Исламбекова 2000 жылдың 10 тамызында дүниеге келген.

Бүгін 10 қазанда ширек финал ойындарын өткізу жоспарланған. Ал 12 қазанда ақтық кездесулер болады. Ал 13 қазанда финалдық жарыста жеңімпаздар анықталады.

Естеріңізге сала кетелік, Әлем чемпионатына қазақстандық он боксшы барды. Бүгінге дейін олардың 6-ы жарыс жолынан шығып қалды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1058330
Пікірлер

Көрші сілтемелер