Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-24497243046 %54 %
2019-08-25515257448 %52 %
2019-08-265131542 %58 %

2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі заң жобасы мақұлданды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 15:00 - 2019/07/02


ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі заң жобасын таныстырды.

Ә. Смайыловтың айтуынша, Мемлекет басшысының қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, сондай-ақ, Президенттің 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Үкімет 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі заң жобасын әзірледі.

«Нақтылауды биылғы сәуір айында түзетілген, 2019 жылға арналған еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін сақтай отырып жүргізу ұсынылады», — деді Ә. Смайылов.   

2019 жылға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері өзгеріссіз қалады: түсімдер – 10,5 трлн теңге; шығыстар – 11,9 трлн теңге; тапшылық – 1,4 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 2,1 %.

Президенттің тапсырмаларын қаржылық қамтамасыз ету Тікелей инвестициялар қорын құруға көзделген қаражаттың бір бөлігін қайта бөлу есебінен іске асырылатын болады (370 млрд теңгеден 300 млрд теңге).

Бюджеттің шығыс бөлігін нақтылау үш бағыт бойынша жүзеге асырылды.

Бірінші. Халықтың тұтынушылық несиелері бойынша борыш жүктемесін азайту.

Өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтар санатына жатқызылған әрбір қарыз алушы үшін тікелей және атаулы қаржылық көмек ретінде мемлекет 300 мың теңгеге дейінгі жалпы мөлшерде негізгі борышты және ол бойынша есептелген сыйақыны өтейді. Осы мақсаттарға жоба 88,5 млрд теңге сомасында шығыстарды қарастырып отыр.

Екінші. Жұмыспен қамту, аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен жастарды қолдау бойынша пәрменді шараларды кеңейту және күшейту.

Бұл мақсаттарға 138,6 млрд теңге бағытталатын болады, оның ішінде:

  • 1,5 млрд теңге осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін жоғары оқу орындарына қосымша 5 мың білім беру гранттарын бөлуге;

  • 2,4 млрд теңге осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап техникалық және кәсіптік білім беруде жұмысшы мамандығы бойынша оқып жүрген студенттердің стипедиясын 30 пайызға ұлғайтуға. Бұл 122 мың оқушыны қамтиды;

  • 49,2 млрд теңге «Бастау Бизнес», қысқа мерзімді кәсіптік білім беру тетіктері арқылы жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ «Еңбек» бағдарламасы бойынша ауылдарда шағын несие беру көлемін және стартап жобаларға берілетін гранттар санын ұлғайтуға;

  • 14,4 млрд теңге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 10 мың адамды қамти отырып жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салу көлемін 1 мың пәтерден 3 мың пәтерге дейін ұлғайтуға;

  • 70 млрд теңге атаулы әлеуметтік көмек төлемдерін осы жылдың 1 сәуіріне көшіруге байланысты қаражаттың қажеттілігін жабуға;

  • 1,1 млрд теңге техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері, жоғарғы оқу орындары студенттерін оқытуға.

Үшінші. Жобада Үкімет резервін 72,9 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылады. Аталған қаражаттың бір бөлігі Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарларын жоюға бағытталатын болады.

Бұдан өзге, 35,9 млрд теңге көлемінде қаражатты ішкі қайта бөлу есебінен кейінге қалдыруға болмайтын шешімдерді талап ететін бірқатар міндеттемелер қаржыландырылатын болады.

«Барлық әзірленген әлеуметтік шаралар маңызды. Заң жобасын Парламент қарауына бағыттауды ұсынамыз», — деп түйіндеді Ә. Смайылов.  

Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру, соның ішінде кепілсіз тұтынушылық займ беруді реттеу шаралары бойынша Ұлттық банк қабылдап жатқан қосымша шаралар туралы Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев айтып берді.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында ҚР Ұлттық Банкі Үкіметпен, банктермен және шағын қаржы ұйымдарымен бірлесіп, 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша 300 мың теңгеден аспайтын сомада өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтардың берешегін өтеу тетігін әзірледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1018000
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Бұршақ, найзағай, аптап 2 min
Көшеде мылтық атқан Қос 5 min
Қостанайда «Онлайн-тәлі 8 min
Қостанайлық жеткіншекте 11 min
Қостанай облысында жем- 14 min
Қостанай облысында 5 ци 17 min
Президент тапсырмасы: 2 20 min
7-20-25: Қостанай облыс 23 min
Қостанайдағы құрғақшылы 26 min
Елбасы Астанадағы Бас м 30 min
Осы араны басып көріңіз 30 min
Қостанай облысында күн 1 sagt
Қостанайда бұрынғы білі 1 sagt
Қостанай облысының бас 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақстанның екі өңірін 1 sagt
Қостанайдағы Гагарин кө 1 sagt
Қостанай облысында 55 ж 1 sagt
Қостанай облысында орма 1 sagt
Жапония Кореямен даулы 1 sagt
Грекияда өрт кесірінен 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Нариман Ермекұлы: Көрке 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Мальоркада жеңіл ұшақ п 1 sagt
Елбасының Саяси кеңес о 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Жігіт сұлтаны-2019: Түр 2 sagt
ҚПЛ: «Астана» жеңіп, «Қ 3 sagt
Испанияда әуеде шағын ұ 3 sagt