Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қажылық министрлігі Ұмраға қатысты екпе алу талабын өзгертті



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 13:15 - 2021/04/06

Нақты Көзі: http://islam.kz/kk/news/alem/qajylyq-ministrligi-umraga-qatysty-ekpe-alu-talabyn-ozgertti-15059/


Қажылық министрлігі Ұмраға қатысты екпе алу талабын өзгертті

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Рамазан айында Ұмра үшін екпе міндетті емес» (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/alem/ramazan-aiynda-umra-ushin-ekpe-mindetti-emes-15038/#gsc.tab=0) материалымызда айтылған тәжді тажалға байланысты қажыларға қойылатын талап жұмсартылған болатын. Алайда, жұқпалы індеттің күрт өршіп кетуіне байланысты Саудия билігі қасиетті Рамазан айында Ұмра қажылығын өтегісі келетіндерге талапты қайта күшейтуге мәжбүр болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Саудия билігі бұрынғы жағдайға қарай талапты өзгерту арқылы сақтық шараларын қолға алып жатыр. Ұмра қажылығын COVID-19 вирусына қарсы екпе алғандар ғана қасиетті Рамазан айынан бастап жыл бойы өтеу мүмкіндігіне ие болады. Қажылық және Ұмра министрлігінің ресми мәлімдемесінде айтылғандай, тек екпе алғандар ғана қасиетті Меккедегі Үлкен мешітте құлшылық ете алады. COVID-19 вирусына қарсы екпенің екі дозасын алғандар ғана жіберіледі, яғни, қажылыққа дейін 14 күннен кем болмайтын аралықта екпенің бір дозасын алғандар немесе короновируспен ауырып айыққандар жіберіледі.                                                    

Ұқсас материалдар:             

«Батыс елдерінің екпесін салдырғандар ғана қажылығын өтей алады» (https://islam.kz/kk/news/alem/batys-elderinin-ekpesin-saldyrgandar-gana-qajylygyn-otei-alady-15007/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/alem/batys-elderinin-ekpesin-saldyrgandar-gana-qajylygyn-otei-alady-15007/#gsc.tab=0);

"Жұқпалы індетке қарсы екпе алмағандар қажылыққа жіберілмейді" (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/juqpaly-indetke-qarsy-ekpe-almagandar-qajylyqqa-jiberilmeidi-14780/#gsc.tab=0)

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1383995
Пікірлер

Көрші сілтемелер