Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Короновирус жанында «жіп есе алмайтын» аса қауіпті жұқпалы індеттің пайда болу қатері бар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 13:00 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://islam.kz/kk/news/gylym/koronovirus-janynda-jip-ese-almaityn-asa-qauipti-juqpaly-indettin-paida-bolu-qateri-bar-14862/


Короновирус жанында «жіп есе алмайтын» аса қауіпті жұқпалы індеттің пайда болу қатері бар

Анатолий Альтштейн есімді ресейлік вирусолог әрі медицина ғылымдарының докторының (суретте - ред.) айтуынша, адамзатты тәжді тажал жұқпалы індеті «баланың ойынындай» болып қалатын пандемия қауіп төндіріп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Егер алда-жалда бұл пандемия бас көтерсе, адамзат осы күніне де зар болып қалуы ғажап емес. Бұл арада адам мен құс тұмауларының рекомбинациясы турасында болып отыр. Осы орайда рекомбинация терминіне анықтама бере кетпекпіз: Рекомбинация — жаңа гендердің комбинациясы мен нуклеотидтік тізбектердің пайда болуына әкелетін түрлі молекулалардың бір-бірінен ажырап, қосылу арқылы генетикалық материалдардың өзгерісін айтамыз. Жоғарыда аты аталған ресейлік ғалымның Ura.ru ақпарат көзіне берген сұхбатында адам мен құс тұмауларының арасында рекомбинацияның орын алу қатері барын жасырмады. Тұмаудың генетикалық материалы сегіз фрагменттен тұратынын әрі мұндай екі инфекция жасушаға тап болса, геннің бір бөлігімен оңай араласатынын тілге тиек етті. Мұндай жағдайдың орын алу ықтималдылығы жоғары болмағанымен осындай қатердің барын ұмытпау керек. Егер бұл қатер орын алса, адамзат тәжді тажал вирусымен «жылап көрісуі» мүмкін.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1359414
Пікірлер

Көрші сілтемелер