Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Құдайдың Омарға мейірімі / Руслан ҚАМБАР



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 16:00 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://islam.kz/kk/articles/gibrat-hikaya/qudaidyn-omarga-meiirimi-3358/


Құдайдың Омарға мейірімі

Имам Маликтің кітабында мынадай оқиға бар. Халифа Омар Хайбар жері қарай жолға шығады. Жол ұзақ. Түс мезгілі. Халифа ағаштың көлеңкесіне жантайып тынығып жатқан. Бір шама уақыт өтсе керек, бір әйел жанына келіп отыра кетті. Ұйқыдағы Омарды оятпақ боп табанын түртті. Көзін ашқан халифа: Не қылған әйелсің? Не шаруамен жүрсің?,-деп жөн сұрайды. Жүзіңнен жақсылықтың нышанын көрдім,-деп әңгімесін бастады әйел. Халифаны танымайтыны көрініп тұр. Өткен жылы халифа Омар бізге зекет жинаушы ретінде Мұхаммед бин Масламаны жіберген. Халифа байларымыздың зекетін алып, ортамыздағы кедейлерге таратып беруді тапсырған екен. Бірақ маған берген жоқ. Мен жетім асырап отырған әйелмін. Биыл да халифа бізге зекет жинауға Мұхаммед бин Масламаны жібереді деген әңгіме естідім. Соған менімен бірге Мұхаммед бин Масламаға барып, бізге де зекеттен үлес берсе деп сөзімді сөйлесең деймін,-дейді әйел.

Мұны ести сала: Ей, Ярфағ! Мұхаммед бин Масламаны шақыр!,-деді қызметшісіне. Әйел: Жо-жоқ, менің қалағаным бұл емес. Сен менімен бірге оған барсаң деймін,-деп зекет жинаушыны ашуландырып алудан қорқып тұрғандай еді. Сонда халифа: Егер бізге келмесе, біз оған барамыз,-деді.

Ярфағ: Халифа сені шақырып жатыр,-деді Ибн Масламаға. Не болды екен? Білмеймін. Бірақ, жанында бір әйел отыр,-деді. Бәсе, ол сол (зекет алмадық деп шағымданушы) әйелдердің бірі болса керек,-деп лезде халифаға қарай асықты. Ибн Маслама: Ассаламу алейкум, уа мұсылмандар әміршісі!,-деп жандарына сәлем беріп келді. Мұны естіген әйел бағанадан бері сөйлесіп отырған адамы кім екенін түсінді. Ұялып, етек-жеңін жинады. Жұрт әлі исламға кірмеген кезде біз қандай едік, білесің бе?!,-деді халифа. Ибн Маслама: Уа, мұсылмандар әміршісі, түсіндіруге мұрша беріңіз,-деп ақталып жатты. Халифа: Біз шашылған тарыдай аз едік. Ол кезде түгел араб біздің жауымыз болды. Бүгін Алла бізді қарақұрым ел етті. Солардың бас-көзі болсын деп Алла бізді төре етті!,-деді. Ибн Маслама: Уа, мұсылмандар әміршісі! Мән-жайды түсіндірейін,-деп өтініп жатты. Алғашқы жылы сені зекет жинаушы етіп, осылардың ақысына дұрыс қарайды деп жіберген едім. Зекетті байларынан алып, кедейлеріне үлестір дедім. Мына әйелге ақысын бермегенің қалай?!,-деді. Ибн Маслама: Уа, мұсылмандар әміршісі! Бұл әйелге әдейі бермеуден аулақпын. Мүмкін оның жағдайынан бейхабар болған шығармын немесе өзі де сұрап келмеген болар,-деді. Халифа: Биыл сені осы ауылға жіберсем, бұл әйелдің өткен жылғы сыбағасын да, биылғы ақысын да бер,-деді. Мұнан кейін әйелге қарап: Қазір саған керек-жарағыңды берсін деп тапсырмын. Хайбарға жолға шық,-деп шығарып салды.

Бұл оқиға халифаның әділдігі жайлы емес. Бірақ, Омардың әділдігіне таң қалмау мүмкін емес. Бұл Хақ Тағаланың жесір әйелге мейірімі, жетім бала-шағасына мейірімі. Ең маңыздысы, Алла Тағаланың халифа Омарға мейірімі. Сүйікті құлы Омардың артынан қияметке халықтың мұңы мен арызы бармауын қалауда. Пайғамбарының (с.ғ.с.) жан жолдасы Омардың мойынында ешбір адамның ақысы болмауын қалауда Хақ Тағала. Тіпті, халифа бейхабар қалған жесірді Алла Тағала ұйқыда жатқан Омардың алдына дейін алып келгенін қараңызшы.     

Ел билеу – жұрттың қамын жеу. Жұрттың төресі – олардың қызметшісі деген нақыл бар. Мемлекет жұмысындағы маманды – қызметкер деп атауының төркіні де сонда жатыр. Әркім өз саласы бойынша міндетті мүлтіксіз атқаруы мүмкін емес. Шалғайдағы мұқтаждың үні жетпей қалуы әбден мүмкін. Судың да сұрауы бар дегендей қарапайым қызметкерден бастап әкімге дейін қолындағы бар мүмкіндігін пайдаланып елдің жоғын жоқтамаса жағдайы қиын. Қызмет жүктеген мойындағы жауапкершілік Алла Тағала құзырында да сұралады. Халифа Омар (р.а.): Ефрат жағасында қозы жоғалса, Құдай оны Омардан сұрайтын болар деп қорқамын,-деп тектен тек айтпаған болар. Әділ халифа сонау шалғайдағы әлі тоқты болмаған қойдың төлі үшін алаңдауы ойландыратын жайт.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1335518
Пікірлер

Көрші сілтемелер