Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Анорексияның тағы бір себебі анықталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 14:15 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://islam.kz/kk/news/gylym/anoreksiyanyn-tagy-bir-sebebi-anyqtaldy-14672/


Анорексияның тағы бір себебі анықталды

Анорексия адамның жүйкесіне салмақ түсуден пайда болатын, физиологиялық қажеттілікті ескермейтін, яғни, ас-ауқатқа тәбетті жоятын ауру. Осы уақытқа дейін бұл дертті ғалымдар адамның психикалық жай-күйімен тығыз байланыстырып келген, яғни, психоматикалық ауру ретінде танылған. Десе де ғалымдар аталмыш дерттің тек психологиялық себебі ғана емес, сонымен қатар, физиологиялық себебі де барын анықтап отыр. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Frontiers in Psychiatry мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл дерт ішек микрофлорасының құрамына байланысты өрбуы мүмкін: анорексиядан зардап шегетін науқастың ішек микрофлорасының құрамы сау адамға қарағанда әлдеқайда жұтаң келетіні белгілі болып отыр. Бұл туралы әлемге әйгілі Оксфорд университетінің биологтері мәлім етіп отыр. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе барысында ғалымдар тышқанның ішегін бактериялардан тазартып, анорексиядан зардап шегетін пациенттің микрофлорасын салған. Нәтижесінде кеміргіштің ет алуы, яғни, салмақ қосуы  баяулап, мазасыздыққа бой алдырған. Ал сау адамның микрофлорасы салынған тышқан қалыпты күйінен айнамаған. Бұл жаңалық өз кезегінде болашақта аталған аурудың алдын алуға көмектесуі мүмкін екенін алға тартып отыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1335435
Пікірлер

Көрші сілтемелер