Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


"Түркия ядролық қаруға ие болу үшін нақты қадам жасады"



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 18:30 - 2021/01/13

Нақты Көзі: https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-yadrolyq-qaruga-ie-bolu-ushin-naqty-qadam-jasady-14665/


"Түркия ядролық қаруға ие болу үшін нақты қадам жасады"

Euronews және Үндістанның бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған ресейлік regnum.ru ақпарат көзінің жазуынша, Түркия билігі ядролық оқтұмсықтар технологиясы  мен ядролық қаруды Пәкістаннан алуды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді. Қазіргі уақытта пәкістандық ғалымдар бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. Өткен жылдың желтоқсан айының 22-23 күндері Анкара қаласында аталған екі елдің жоғары деңгейде өткен әскери диалогы сарапшылардың назарын өзіне аударып отыр. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің қорғаныс қабілетін нығайту үшін Түркияның жаппай қырып жоятын қаруға ие болуға құқысы барын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ядролық қару Түркияның геосаяси мақсаты мен мүддесін қорғау үшін қажет екенін әлем қауымдастығының есіне салған болатын. Десе де Түркия ядролық қаруға ие болуы қаншалықты шындыққа сәйкес келеді, Түркия билігінің мұндай қадамына әлемдік державалар мүмкіндік бере ме, бұл туралы алдағы уақытта кеіңнен тоқталуымыз мүмкін. Алайда, Түркияның әзірге ядролық қаруға ие болу мүмкіндігінің төмен екендігін «Түркия ядролық қаруға ие бола ма?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-yadrolyq-qaruga-ie-bola-ma-12504/#gsc.tab=0) материалымызда біршама талдап, тарқатып жазғанбыз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1334891
Пікірлер

Көрші сілтемелер