Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Масаға қатысты аса маңызды жаңалық ашылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 02:00 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://islam.kz/kk/news/gylym/masaga-qatysty-asa-manyzdy-janalyq-ashyldy-14276/


Масаға қатысты аса маңызды жаңалық ашылды

Масаның еркегі қоректенудің екі режиміне ие, дәлірегі, екі нәрсемен – қанмен және нектармен қоректенеді. Бұл бағытта арнайы ізденген америкалық ғалымдар анықтағандай, маса жоғарыда аталғандармен, яғни, қанмен немесе нектармен қоректенгенде тиісті нейрондары ауыз қуысының түрлі бөлігінде белсенділікке көшеді. Бұл жаңалықтың маңыздылығы неде? Бұл жаңалық өз кезегінде аса қауіпті әрі жұқпалы ауруларды тарататын жәндіктермен күресте тиісті шара қабылдауға, қорғаныш құралдарын жасауға септігін тигізеді. Осы орайда қанмен тек масаның еркегі ғана қоректенетінін айта кету керек – ұрық жұмыртқасын дамыту үшін. Осы себепті, аталмыш жәндік қан мен нектарды ажарата алатын қабілетке ие. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі осы тарапта зерттеу материалы жарияланған Neuron мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Рокфеллер университетінің және Говард Хьюз медициналық институтының, сондай-ақ, Джонсон Хопкинс жоғарғы оқу орнының ғалымдар тобы масаның генетикасын түрлендірген еді. Оның нейрондарындағы флуоресценттік белгі жүйке жасушалары белсенділікке көшкен кезде жарық шашатын. Ғалымдар нектармен қоректену кезінде масаның қант рецепторы мен ауыз қуысының белгілі бір бөлігі іске қосылатынына көз жеткізген болатын. Сонымен бірге, қанмен қоректенген кезде маса қанның дәмін барлауға мүмкіндік беретін, «стилет» шприціне ұқсайтын инесін пайдаланады. Ғалымдар тәжірибе барысында масаны алдап соғудың тәсілін тапты: қанмен қоректену режимінде қосындылары жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін глюкоза қосындысын, натрия хлоридін, натрия бикарбонатын және аденозинтрифосфатты жәндікке ұсынды. Аталмыш зерттеу аса қауіпті әрі жұқпалы ауруларды тарататын масадан қорғануға мүмкіндік беретін құрал жасау бағытында одан ары жалғасын табады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1282562
Пікірлер

Көрші сілтемелер