Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ИСЛАМДАҒЫ 10 ТҮРЛІ ОРАЗА



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 22:00 - 2020/10/16

Нақты Көзі: https://ernarelmuratov.islam.kz/kk/post/islamdagy-10-turli-oraza-8949/


ИСЛАМДАҒЫ 10 ТҮРЛІ ОРАЗА

1. Парыз оразалар
Парыз екіге бөлінеді: Біріншісі уақыты белгілі парыз ораза. Мысалы, рамазан оразасы. Ал екіншісі уақыты белгісіз парыз ораза [1]. Мысалы, қаза болған рамазан оразасы. Құран Кәрімде Алла Тағала «Сендердің араларыңда кімде-кім Рамазан айының туғанын көрсе, сол күні ораза ұстасын» [2] деп, ақыл есі дұрыс, балиғат жасына жеткен исі мұсылманға ораза ұстауды парыз еткен. Ораза да намаз секілді Адам атадан соңғы пайғамбар Мұхамметке (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дейін барлық үмбеттерге әмір етілген құлшылық болып табылады.
2. Қаза ораза.
Құранда: «Ораза санаулы күндерде, Кімде-кім дертке шалдықса, немесе жолаушы болса, басқа күндері өтесін» [3] деген. Демек адам баласы сапарда жолаушы болса, ауыру болса (Білікті дәрігердің кеңесі) және әйел кісілер өздеріне тән етеккір мен нифасқа байланысты ораза ұстамаса немесе бұзса, сол ораза ұстамаған күндердің қазасын өтеу парыз.
3. Кәффарат оразасы
Кәффарат оразасы пенденің абайсызда кісі өлтіріп қоюы, рамазан айының оразасында біле тұра ауыз ашып қоюы секілді күнә қателіктерін жууға арналған ораза. Яғни екі ай үзбей кәффарат оразасын ұстау міндет.
4. Зиһар оразасы
Зиһар – Исламнан бұрын араб елдерінде әйелдерін талақ етудің бір жолы. Егер бір кісі әйеліне зиһар жасаса, екі ай қатарынан ораза ұстайды.
5. Ант оразасы
Ант етіп, антын бұзған кісінің кәффарат оразасын ұстауы қажет. Ант оразасы үш күн қатарынан ораза ұстайды.
6. Уәжіп ораза
Нәзір (аталған) ораза. Аталған дегеніміз – міндетті еместігіне қарамастан Алла Тағалаға құлшылық мақсатында бір амалды жасауды мойнына алу деген сөз [4]. Бір күн не бір апта не бір ай ораза тұтуға серт беріп, сол серттің күшімен уәжіп болған ораза. Құран Кәрімде: «Олар нәзірді орындайды және жамандығы шашырайтын күннен қорқады»,– деп сипаттаған [5]
7. Бұзылған нәпіл оразаның қазасы уәжіп
Басталған құлшылықты себептен себепсіз бұзу шариғатта тиым салынған. Нәпіл оразаны белгілі бір себеппен бұзса, оны кейін қазасын қайта өтеу уәжіп.
8. Нәпіл ораза
Жаратушыға жақындата түсетін ораза амалы Күн ара ұсталатын ораза және әр айдың үш күні ұсталатын ораза.
9. Сүннет ораза
Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кей уақыттарда құлшылыққа ерекше мән берген. Соның бірі дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстау.
10. Мәкруһ ораза
Мәкрук оразалар тахриман және танзихан болып екіге бөлінеді. Тахриман мәкруһ оразаларға ораза айттың бірінші күні және шағбан айының отызы ораза тұту жатады. Ал тәнзихан мәкрукке тек жұма, сенбі, жексенбі, ашура күні және уисал оразасы жатады.

1). Абдул Ғани Ғұнайми Майдани, Әл-Лубаб фи шархил китап, Бәшәр бәкри араби» баспасы, Димашық, 2003.
2). Бақара сүресі 183 аят.
3). Бақара сүресі 184 аят.
4). Н.Анарбаев, Е.Қарақұлов, Ислам ғылымхалы (Ханафи мәзһабы бойынша), «Дәуір» Баспасы, Алматы, 2002.
5). Хажж сүресі 29 -аят
6). http://muslim.kz/kz/page/orazanyn_turleri

Яқып Айса

Кербұлақ ауданының бас имамы

 
 
 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1282062
Пікірлер

Көрші сілтемелер