Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мұсылман әйел – нәзік әрі дамыған тұлға / Аударған: Меруерт Мухамадиева



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 05:45 - 2020/09/16

Нақты Көзі: https://islam.kz/kk/articles/islam-jane-qogam/musylman-aiel-nazik-ari-damygan-tulga-3241/


Мұсылман әйел – нәзік әрі дамыған тұлға

Бұл мақала әрбір Жаратушының ризалығына ұмтылатын  және  өзін әдемі жаратылыс ретінде жетілдіруге  қадам басқан мұсылман әйелдер үшін пайдалы болсын. Алла Елшісінің мына бір өміршең хадисі баршамызға терең ой салады: «Дүниедегі нығметтер уақытша ләззат, оның жақсысы – салиқалы әйел» (Муслим).

Нәзік әйел әрі дамыған тұлға болу дегенді бірге ой елегінен өткізейік. Әйел әлемі әдемі, жұпар шашқан нәзік гүлмен салыстырылады, ол айналасына жағымды хош иіс төгіп, көрушілердің жүректеріне жылылық сыйлайды. Менің ойымша, әрбіріміз әлі ашылмаған бүршіктей, керемет қасиеттер мен таланттар жиынтығын бойға тоғыстырған құпия қазынамыз.

Біздің міндетіміз-құдіреті шексіз Жаратқан Иенің бізге берген барлық қасиеттерін барынша өз бойымызда дамытуға тырысу. Тек бір нәрсені ғана артық көрмеу қажет (мысалы, тек тән сұлулығына ғана көңіл бөліп, дененің сұлулығын үнемі қадағалап, алайда, ізгі ой, жақсы сөйлеу, тіл тазалығын ұмыт қалдыру), әйтпесе барлық «жапырақшалар» ашылмайды  әрі «гүл» жайқалмай, солғын тартып, ақаулы болып шығады.

Сонымен, дамыған әрі нәзік әйел болу-бұл:

1. Өзін-өзі тану (темперамент, ерекшеліктер, кемшіліктер) және мұның бәрін іштей басқара білу, ішкі үйлесімділікті үнемі сақтауға тырысу;

2. Отбасылық өміріңізді Алланың заңдары бойынша мұсылман әйеліне сәйкес келетіндей етіп шыдамдылықпен, жарасымдылықпен құру, одан көршілер сияқты немесе әдемі романдағыдай болуын талап етпеу;

3. Әрбір жағдайда даналық таныту және өз әрекеттерінің салдарын көру;

4. Өз қалауларын білу, оларды сүзгілей білу әрі күйеуіне олар жайында әдемі, сыпайы жеткізу;

5. Қолыңдағы бар нәрсеңе разы болып, осы үшін Аллаға ұдайы алғыс айтып, шүкіршілік білдіру;

6. Айналадағы адамдардың қателіктерін кешіріп үйрену( өзің қателеспейсің бе?);

7. Өз-өзіңді әрқашан кешіре білу, осы арқылы депрессияға түсіп, өзіңді жоғалтып алмау, сынағы көп тірлікте сынып кетпеу  қажет, өмір ағысы жалғасады, ары қарай мейірімді Алладан көмек сұрап, күш-қуатыңды қалпына келтіріп,  жаңғыру, талпыну, қадам жасай беру;

8. Біреуді ренжітсең, жүрегіне жара салсаң, кісі ақысына кірсең, жан дүниеңді, арыңды тазалап, кешірім сұрай білу, өйткені, ол нәрсе өміріңді мәнсіз, сәтсіз етеді, сондықтан дер кезінде дүние кірінен арылу;

9. Жақсы да, жаман да барлық сезімдеріңізді білдіруге үйрену (әрине, жақын адамдарға зиян тигізбеген түрде) – бұл әйел үшін өте маңызды;

10. Айналысатын сүйікті әуес ісі (хоббиі) болуы (тоқу, тігу, сурет салу және әртүрлі т. б.);

11. Денені, ақыл мен жүректі таза ұстау;

12. Көмек сұрай білу, оны қабылдау, содан кейін алғыс айту;

13. Кей жағдайда орынсыз нәрсеге «жоқ» деп айтуға болады;

14. Реніш пен  жамандықты жүректе ұзақ  ұстамаңыз;

15. Өз өміріңіз үшін жауапкершілікті алыңыз;

16. Басқалардың өмір сүру әдісі үшін толық жауапкершілікті мойнына алмау;

17. Басты нәрсені алып, қажетсізді алып тастай отырып, таңдау жасай білу;

18. Әлемге нәзіктімен, мейірімділік, сүйіспеншілігімен бөлісу;

19. Өмірлік дағдарыстардан абыроймен өту;

20. Өзін-өзі жан-жақты дамыту, әсіресе әйелге әйел (ана) қызы ретіндегі қажетті бағыттарда;

21. Әрқашан өмірдің мәні неде екенін әрі оны бізге құдіретті Жаратушы бергенін әрқашан есте сақтаңыз. Бұл өзін-өзі жетілдіру бағдарындағы ең маңызды ынталандыру.

Әлбетте, мұндай толыққанды біртұтас бейне бір, екі аптада қалыптаспайды. Шынтуайтында, бір жыл да аздық етеді. Ақыр соңында, бұл табандылық пен күш, жігерді талап ететін терең жұмыс, ұзақ және тікенді жол, оған өзіңнің өзімшілдігіңмен және өмірдегі күтпеген сыртқы жағдайлармен әрі түрлі ниетпен бетпе-бет келуге тура келеді. Тұлғалық дамуға бағыттаған жетілу жолын қанша қысқартқыңыз келсе де, тоқтамастан аянбай еңбек етуіңіз керек. Ойыңды түзету, ішкі әлеміңді, ниетіңді туралау, тіліңді таза ұстау, ақыл-сананы шуақтандыру, өзіңді рухани дамыту-осының барлығы да парасатты әйел болмысын қалыптастыруға ықпал ететін құтты қадамдар. Баршамызға Жаратушы разы болатындай пайдалы, қайырлы амалдар жасауды нәсіп етсін! 

 Дереккөз: fondihlas.ru

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1261074
Пікірлер

Көрші сілтемелер