Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Дәретті бұзатын жағдайлар / Мәуләна Ашиқ Иләһи Буландшаһри



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 05:30 - 2020/09/16

Нақты Көзі: https://islam.kz/kk/articles/islam-jane-gylym/daretti-buzatyn-jagdailar-3242/


Дәретті бұзатын жағдайлар

Дәрет – мына төмендегі жағдайлардың бірі орын алған кезде бұзылады. Бұлар - «дәретті бұзатын жағдайлар» деп аталады:

  1. Үлкен дәреттен кейін;
  2. Жел шыққандығы анықталса, мейлі даусы естілсін, мейлі естілмесін (яғни, жел анық шыққан болса, дәрет бұзылады);
  3. Зәр, Уәди[1] яки Мәзи[2] шықса;[3]
  4. (Дененің бір жерінен) Қан, ірің, яки, сары су шықса. Егер, осы үшеуінің біреуі дененің бір жерінен шығып, тазалау үкімін тудыратындай жерге жайылса (ақса) дәрет бұзылады;
  5. Ауыз толы құсса[4];   
  6. Жатып ұйықтаса;
  7. Бір жамбасына отырып ұйықтаса (бір жамбасын көтеріп, сүйеніп ұйықтаса),
  8. Бір нәрсеге сүйеніп ұйықтап, ол нәрсені алғанда құлап қалатындай дәрежеде ұйықтаған болса[5];
  9. Есінен айырылып, талып қалса;
  10. (Ақыл-есі ауысып,) жынданса;
  11. Рүкүғ пен сәждеден тұратын намаздың бірінде (нәпіл напаз болсын, парыз намазы болсын) балиғат жасындағы кісі намаз оқып тұрып, дауыс шығарып күлсе[6].

Аталмыш жағдайлардың бірі орын алған жағдайда, дәрет алмайынша намаз оқуға болмайды.


[1] Уәди (الودي) – зәр сындырғаннан кейін немесе кейде ауыр бір зат көтерген кезде бөлінуі мүмкін болған қоюлау әрі ақшылдау дымқылдық.
[2] Мәзисмегма.
[3] Ләззатсыз, өздігінен мәни (сперма) шықса да дәретті бұзады. Мысалы, белінен соққы жегені себепті, ауыр зат көтергені себепті, сырқаттық себепті т.б. ләззатсыз, өздігінен мәни бөлінсе, ол ғұсылды бұзбайды, бірақ, дәретті бұзады.
[4] Ауыз толы: тамақ құсса, су құсса, қан құсса дәрет бұзылады. «Ауыз толы» дегенді кітаптарда: «еге бола алмайтындай, яғни, ұстай алмайтындай құсса...» деп түсіндірген. Тіпті, аз-аздан құсқан күннің өзінде, бәрі жиналып ауыз толатындай көлемде болса, ол да «ауыз толы құсу» үкімінде болып, дәретті бұзады. Осы тұрғыда айта кетелік: тамақ жеп немесе су ішіп, асқазанға түспей жатып, құсатын болса, дәретті бұзбайды.
[5] Мұны: «егер, сүйенген заты жойылған жағдайда құлап қалатындай (ұйқыда) болса...» - деп түсіндіріледі өзге кітаптарда. Себебі адам мұндай халде, жатып ұйықтаған адамның халімен теңдей дәрежеде.
[6] Жаназа намазында дауыс шығарып күлсе, дәрет бұзылмайды. Өйткені, жаназа намазы рүкүғ және сәждеден тұрмайды. Бірақ күлгені үшін жаназа намазы бұзылады. Сондай-ақ, тиләуәт сәждесін жасау барысында күлген кісінің тиләуәт сәждесі бұзылады, бірақ дәреті бұзылмайды, өйткені оның - сәждесі болса да, рүкуғы жоқ. Бұнымен қатар "балиғат жасындағы..." деп айтып өтті. Жас балалар намаз оқып тұрып күлсе, дәреттері бұзылмайды, бірақ намаздары бұзылады.

«Әт-Тәсһилуд Дарури ли Мәсә’илиль Қудури» атты Ханафи фиқһ кітабынан.
Аударып, дайындаған: А. Қасым.
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1261072
Пікірлер

Көрші сілтемелер