Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Кедейшілікпен күрес науқаны сәтсіздікке ұшырады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 02:00 - 2020/08/02

Нақты Көзі: https://islam.kz/kk/news/alem/kedeishilikpen-kures-nauqany-satsizdikke-ushyrady-13933/


Кедейшілікпен күрес науқаны сәтсіздікке ұшырады

Азуы алты қарыс халықаралық іргелі ұйымдар әлемдегі тақыр кедейлік деңгейі төмендеді деп жарияға жар салғанымен сарапшылар мұндай мәлімдемелерге күмәнмен қарайды. Бүкіл әлемдік банк келтірген дерекке қарағанда, кедейлік шегінде өмір сүретіндер күніне 1,9 долларды қанағат тұтуға мәжбүр. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы баяндамашасы мұны кедейліктің шегі деп емес, апатқа апаратын жоқшылық деп бағалап отыр.

Адамзат бүгінде ең ауыр кезеңді бастан өткеріп жатыр: жер-көкті жайлап, жолындағысын жайпаған жұқпалы індеттен бөлек, жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне, жануарлар мен жәндіктердің жаппай жойылуына, әлеуметтік теңсіздік пен қарулы қақтығыстарға куә болып отыр. Десе де кей салалаларда прогрестің барын айта кеткен жөн. Мәселен, әлемдегі кедейлер қарасының жылдан жылға азайып келе жатқанын айтуға болады. Тіпті, Бүкіл әлемдік банктің бұрынғы президенті Джим Ён Ким әлемдегі кедейлік деңгейінің төмендеуін адамзаттың ұлы жетістіктерінің біріне жатқызып, мәлімдеме жасаған болатын. Шын мәнінде солай ма? БҰҰ-ның адам құқығы мен кедейлік мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Филип Алстон (Philip Alston) кедейлікпен күрестің сәтсіздікке ұшырағанын, өйткені, бүгінгі таңда әлемдегі кедейлер қарасы осыдан 20 жыл бұрынғы кезеңге қарағанда көбейіп кеткенін айғақ ретінде алға тартып отыр.

Кедейліктің жаһандық деңгейі 1990 жылы 36% болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 10%-ды құраған екен. Яғни, әлемдегі кедейлер қарасы екі миллиардтан жеті жүз млн адамға дейін азайған. Әлбетте, өте кедей адамдардың қарасы күрт азайды, алайда, оның шегінің төмендеуі өте баяу: бұған күніне 1,9 долларды місе тұтатындар қарасының көптігі дәлел бола алады. БҰҰ өкілінің айтуынша, әлем тұрғындарының жартысы күніне 5,5 долларға өмір сүріп отыр.

Бүкіл әлемдік банктің белгілеген кедейлік шегі – салыстырмалы емес, абсолютті шара. Ал БҰҰ өкілі салыстырмалы кедейлікті аталған шекті белгілеудегі негізгі көрсеткешке айналдырылуы тиіс, деп санайды. Өйткені, Ауғанстан мен Чад секілді табысы төмен елдерге қарағанда Үндістан мен Кения секілді табысы орташа елдерде күніне қанша доллар қаншалықты күнкөріске жететінін анықтау қиын. Салыстырмалы бұл көрсеткіш әлеуметтік оқшауланудың айнасы бола алады, дәлірегі, кедейлік шегін анықтау қиындық тудыратын Үндістан мен Кения секілді табысы орташа елдердегі тұрғындардың қаншауы кедей екенін шамалап білуге көмектеседі. Өте кедей елдерде еңбек нарығына шығу үшін киім мен тағам жеткілікті, ал ауқатты елдерде интернет, көлік және қалта телефоны қажет.

Бүкіл әлемдік банктың пікірінше, тақыр кедейліктің әлемдік шегі өте төмен, ал салыстырмалы кедейлік диапозоны күніне 3,2 доллардан 5,5 доллар аралығында ауытқып тұр. Деғсе де сарапшылар мен экономистердің айтуынша, тақыр кедейліктен салыстырмалы кедейлік деңгейіне өту тойып тамақ ішуді, өмір сүру жасының өсуін білдірмейді, яғни, кедейліктің залалды салдары мен зардабы жойылмайды. Әлемдік көшбасшылар мен жаһандық институттар әлеуметтік оқшаулану мен салыстырмалы бостандықтың көрсеткіші ретінде күніне 5,5 доллар шегіне назар аударса, балалар өлімі сәл де болса азайып, жалпыға ортақ орта білім алатын деңгейге жетеді, ашқұрсақ жүретіндер қарасы да кеміп, өмір сүру сапасы сөзсіз жақсарар еді. Ең бастысы, адамдардың қоршаға ортаға басқаша көзбен қарап, әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, прогреске үлес қосар еді. Бір күндік тамағын ғана ойлайтын, тек күнкөріс қамымен жүрген кедейлер арасынан адамзат үшін ортақ проблемаларға сергек қарайтын азаматтар қарасы артары сөзсіз. Бұл әлеуметтік теңсіздікке байланысты дилемманы еңсеруге мүмкіндік берер еді. Кедейлікті жою үшін тек елдер арасындағы өзара экономикалық келісімдерге келу мен инфрақұрылымдық жобаларға қаржы құю немесе жалпы ішкі өнім көрсеткішін қуалап кету жеткіліксіз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1232058
Пікірлер

Көрші сілтемелер