Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қай тағамға тәбеті тартып тұратынына қарап, адамның денсаулығында қандай кінәрат барын білуге болады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 16:30 - 2020/07/30

Нақты Көзі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qai-tagamga-tabeti-tartyp-turatynyna-qarap-adamnyn-densaulygynda-qandai-kinarat-baryn-biluge-bolady-galymdar-13925/


Қай тағамға тәбеті тартып тұратынына қарап, адамның денсаулығында қандай кінәрат барын білуге болады – ғалымдар

Владимир Хавинсон және Светлана Трофимова есімді геронтолог ғалымдар "Россия 1" телеарнасының эфирінен адамның қандай тағамды жиі тұтынатынына қарап, оның организіміне не жетіспейтінін немесе бойында қандай кесел барын топшылап білуге болады деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, мәселен, ірімшік пен сүт өнімдеріне аңсары ауып тұратын адамның остеопороз дертіне шалдыққанын білуге болады. Яғни, түсінікті тілмен айтқанда, аталған тағам түрін жиі тұтынатын адамдардың сүйек тінінің құрылымы бұзылған, сол себепті, олар организмге жетіспейтін кальций мен фосфорды аталған тағам түрінен табады. Егер адам шоколадты жиі жесе, ол созылмалы стреске түскен болуы мүмкін. Бұл тағам түрінде триптофанның амин қышқылы кездеседі. Ал ашшы тағамға тәбеті тартып тұратындардың көбісінің зат алмасуында (метаболизм) ақау бар немесе организіміне қандай да бір инфекция түскен. Енді біреулер бар ұдайы суық тағамдарды, мәселен, балмұздақты қалайды. Әдетте олардың асқазан-ішек жолдарында қандай да бір кеселге ұрынған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1230739
Пікірлер

Көрші сілтемелер