Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Тәжді тажалды сәулемен жоятын робот құрастырылды (видео)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 12:45 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://islam.kz/kk/news/gylym/tajdi-tajaldy-saulemen-joyatyn-robot-qurastyryldy-video-13783/


Тәжді тажалды сәулемен жоятын робот құрастырылды (видео)

Жапон инженерлері қатаң ультракүлгін сәулемен ғимараттың ішін SARS-CoV-2 вирусынан тазартатын роботты сынақтан өткізді. Жұқпалы індетпен күресте теңдесі жоқ бұл құрылғы шілде айынан бастап саудаға шығарылады. UV Buster деп аталатын робот күншығыс елінің Farmroid компаниясына тиесілі. Адам бойындай ультракүлгін шамы бар шағын платформа ғимарат ішінде компьютер жанарының алгоритімін пайдалана отырып, өздігінен қозғалады. Сондай-ақ, оны қалаған жағыңызға бағыттап, қашықтан басқаруға да болады. Басқару жүйесі кәдімгі ноутбукке қосылады. Осы орайда өзіміз емханадан көріп жүрген кәдімгі кварц шамынан айырмашылығын айта кетпекпіз: UV Buster кварц шамына секілді жұмсақ сәулемен залалсыздандырмайды, қатаң ультракүлгін сәулені пайдаланады. Ол вирустар мен микробтарды тиімді жояды. Ескерте кетейік: қатаң ультракүлгін сәуле адам мен жануарға аса қауіпті, бөлмедегі өсімдіктер де зардап шегеді. Сол себепті, робот ғимарат ішінде болған кезде сыртта оның жұмысы біткенше күте тұруыңызға тура келеді. Ал ол қалай жқмысын қалай аяқтайды, солай ғимарат ішіне ештеңеден қаймықпай, жасқанбай, секемденбей, батыл кіре беруіңізге болады, өйткені, ол залалсыздандырылған бөлмеде зиянды микробтар мен вирустар болмайды. Бастапқыда бұл жүйе тұмау вирусын жою үшін құрастырылған еді. Кез келген заттаң беткі жағын 10 сантиметр қашықтан залалсыздандырғанда 2,5 секунд ішінде вирустардың 99,9%-ы жойылған болатын. Тәжді тажал пандемиясымен күрес үшінпайдалану мақсатында 2020 жылдың маусым айының 9-ы күні Токио қаласындағы Нихон университетінің емханасында сынақтан өткізіп көрді. Сынақтан өткізбес бұрын ғимараттың едені мен қабырғаларында SARS-CoV-2 вирустың бары белгілі болған. Сәулелеу процедурасынан кейін тәуелсіз сараптама вирустың жойылғанын көрсетіп берді. Asahi Shimbun мерзімді басылымына берген сұхбатында аталмыш компания өкілі Кадзуки Иимура (Kazuki Iimura) роботтың бағасы айтылмаса да пандемиямен күрес үшін мейлінше арзандатып беруге бел буып отырғандарын жеткізді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1210897
Пікірлер

Көрші сілтемелер