Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-101398437443 %57 %
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-12709185940 %60 %

Әлемдегі шариғат шәлісін жамылған тұңғыш президент (фото)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 12:00 - 2019/11/09


Әлемдегі шариғат шәлісін жамылған тұңғыш президент (фото)

Сингапурдың алғашқы әйел президенті Халима Жақып әлемде шариғат шәлісін жамылғандар арасында президент атанып, ел билеген тұңғыш әйел. Оның басты қағидасы мен ұраны экстремистік терроризммен және ислмофобиямен күрес болатын. Бұл екі керітартпа құбылысты бір-бірінен бөле-жармай егіз құбылыс ретінде қарастырды. Бұл жайында islam.kz порталы Fikriyat ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Халиманың әкесінің ұлты үнді болатын, ал шешесі малайлық еді. Қарауыл болып істейтін әкесі ерте дүние салды, анасы бем шиттей баламен жалғыз бөлмеде тұратын еді. Халима он жасынан бастап, анасына қолғабыс етіп, түрлі жұмыстар істеді. Отбасының, ұстаздарының және қоғамның қолдауымен ол білім алып, елдің саяси өміріне араласады. Кедей-кепшік пен жарлы-жақыбайларға көмек көрсетуге арналған акцияларды жиі ұйымдастырып, жұрттың көзіне түседі. 1978 жылы ол Сингапурдың ұлттық университетін заң саласы бойынша тәмамдап, 2001 жылы аталмыш жоғарғы оқу орнының қабырғасынан магистр дәрежесін алып шығады. 2016 жылы бұл университет Халимаға «Құқық саласының құрметті докторы» атағын береді. Халиманың саяси мансабы ұлттық кәсіподақ конгресінен бастау алады десек, қателесе қоймаспыз. Алайда, оның нағыз саяси мансабы 2001 жылы парламентке сайланған кезінен басталады. Ол парламентке сайланған бірінші малайлық әйел болды. 2011 жылғы сайлаудан соң қоғамдық даму, жастар және спорт министрі болып тағайындалды. Содан соң әлеуметтік саясат және отбасы министрі болып жауапты қызмет атқарды.2013-2017 жылдар аралығында ол парламент скипері болды. Бұл лауазымды қызмекте де ол тағайындалған алғашқы әйел болатын. 2017 жылы бұл қызметінен кетіп, президент сайлауына дайындалды. «Жақсылық жаса, бірге жаса!» деген ұранмен науқан жүргізіп, Сингапур тарихында президент болған тұңғыш әйел ретінде ғана емес, сонымен қатар, шариғат шәлісін жамылған әлемдегі тұңғыш әйел ретінде алыс-жақынға танылды. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Сингапурде нақты билік министрлер кабинетінің жетекшісінде, яғни, премьер-министрдің қолында шоғырланған. Десе де 1991 жылдан бастап, саяси реформадан кейін президент құзыреті кеңейтілген болатын. Нақтырақ айтқанда, ол қаржы және кадр мәселелеріне араласа алатын ресми тұлғаға айналды. Аталмыш ел президенті сот төрағаларын, бас прокурорды, бас штаб жетекшісін тағайындай алады. Бүгінде Халиманың құжай қосқан қосағы бар және бес баланың анасы. Ол президенті болып сайланғаннан кейін Твиттер әлеуметтік желісінде оның құрметіне биыл, яғни, 2019 жылы эмодзи пайда болды. Бұл әлемде президент құрметіне пайда болған алғашқы смайлик еді. Халима Иорданиядағы ислами стратегиялық зерттеу және талдау орталығы түзген әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміндегі алғашқы елу мұсылманның қатарынан көрінді. Ол бұл тізімде 38-ші орында тұр. Сөз соңында айтарымыз: Сингапур халқының саны 5,9 млн адамды құрайды. Бұл елдегі аса ірі этникалық топқа қытайлар жатады - 74 %, одан кейінгі орында малайлықтар тұр - 13%, үшінші орынға үнділер табан тіреген - 9%. Аталмыш ел халқының 14%-ын мұсылмандар құрап отыр. Бүгінгі таңда Сингапур әлемдегі ең ірі сауда әрі айлақтар орталығы болып табылады. Сондай-ақ, жан басына шаққандағы табысы - 88 мың доллар, ең жоғары дәулеті шалқыған елдердің бірі. 

Картинки по запросу halimah yacob

Картинки по запросу halimah yacob family photo

Картинки по запросу halimah yacob twitter

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1069822
Пікірлер

Көрші сілтемелер