Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ойынқұмарларға комменданттық сағат енгізілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 12:00 - 2019/11/08

Нақты Көзі: http://islam.kz/kk/news/alem/oiynqumarlarga-kommendanttyq-sagat-engizildi-12643/


Ойынқұмарларға комменданттық сағат енгізілді

Қытай билігі геймингті реттеу жөнінде жаңа ережені қолданысқа енгізді: ендігі жерде кәмелет жасына толмағандарға аталмыш ереже талаптарына сәйкес түнде компьютерге телміріп ойын ойнауға тыйым салынады әрі күндіз қатаң шектеу қойылады. Қытай билігі осылайша кейде қайғылы жағдаймен аяқталатын интернетке тәуелділікті осындай қатаң шаралармен азайтуды көздеп отыр. Қытайдың аса ірі ойын алаңдары, соның ішінде Tencent онлайн-платформасы ел билігінің пәрменімен кәмелет жасына толмағандарға түнгі 22:00-ден таңғы 08:00-ге дейін ойын ойнауға тыйым салатын болды. Ал күндіз кәмелет жасына толмаған геймерлер 90 минуттан артық ойын ойнай алмайды. Тек демалыс күндерінде ғана 3 сағат ойнауға рұқсат етіледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1069453
Пікірлер

Көрші сілтемелер