Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-1825179630 %70 %

БАЛАНЫҢ ӘКЕСІНДЕГІ АҚЫСЫ / Әбу Ләйс әс-Самарқанди



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 12:30 - 2019/10/09


БАЛАНЫҢ ӘКЕСІНДЕГІ АҚЫСЫ

Ғұлама ғалым Әбу  Ләйс әс-Самарқанди былай дейді:

Бізге Мұхаммед ибн Фазл хадис жеткізді (хәддәсәнә), Мұхаммед ибн Фазл айтты: Бізге Мұхаммед ибн Жағфар былай деп хадис жеткізді. Ол айтты: Бізге Ибраһим ибн Юсуф былай деп хадис жеткізді. Ол айтты: Бізге Әбу Муъауия хадис жеткізді. Ол Хасан ибн Аммарадан, Ол (яғни, Хасан) Мұхаммед ибн Абдуррахман ибн Әбу Ләйләдан, ол Иса ибн Талхадан, Ол Әбу Һурайрадан, Әбу Һурайра болса, Пайғамбарымыздың былай дегенін жеткізді:

«Үш нәрсе баланың әкесіндегі ақыларынан: туылған  кезде көркем ат қоюы, есі кіргенде (оқу) жазуды үйретуі және кәмілетке толғанда үйлендіруі»[1] .

Риуаят етілгенге қарағанда Әзіреті Омарға (радияллаһу анһ)  бір ер адам баласын ертіп келіпті деп: «Мына балам менім тілімді алмайды» - деп шағымданыпты. Әзіреті Омар балаға қарап: «Әкеңе қарсы келуіңде Алладан қорықпайсың ба? Оның ақысы мыналар» деп, әке алдындағы міндеттерін тізе бастапты. Сонда бала: "Уа, мұсылмандардың әмірі! Баланың да әкесінде ақылары бар ма?" - деп сұрайды. Әзіреті Омар: «Иә, бар. Баланың әкесіндегі ақысы: анасын аларда таңдап алу, яғни болашақта баласы ұялмайтындай иманды, ибалы әйел затын әйелдікке алуы керек. Сондай-ақ, жақсы есім беріп, оқу-жазуды үйрету» деп баланың әкесіндегі ақысын айтып беріпті. Жауапты естіген бала: «Аллаға ант етейін, әкем менің анамды таңдап алмаған. Анам Синх ұлтынан. Оны әкем төртжүз дирхамға сатып алған екен. Және әкем маған көркем есім бермеді. Ол мені Жуъал деп, жарғанаттың еркегінің атын берген. Сондай-ақ, әкем маған Құраннан бір де бір аят үйреткен емес» - деп ақылары орындалмағанын айтып шағымданыпты. Сондай Омар әкесіне қарап: «Балам менің ақымды жеді деп отырсың. Ол сенің ақыңды жеместен бұрын, сен оның ақысын жеген екенсің. Тұр да бар», деген екен.

Сәбит әл-Бәннәни рахимаһуллаһ әңгімелейді:

Бір ер адам өз әкесін денесінің бір жерінен ұрады екен. Оны көрген жұрт: «Бұл неғылған іс?» деп сұрапты баласының әрекетін дұрыс көрмей. Сондай әкесі оларға айтады екен: «Оны қоя беріңдер. Мен де кезінде әкемнің тура сол жерінен ұратынмын. Міне енді сол ісім өз басыма келіп, балам мені тура сол жерімнен ұрады. Оның себебі сол. Баламды айыптамаймын» дейді екен.

Даналар айтқан: «Кім ата-анасына қарсы келсе, кейін баласынан жақсылық көрмейді. Кім әлдебір істі кеңесіп істемесе, ойлаған нәтижеге қол жеткізбейді. Кім отбасындағы анша-мұнша нәрселерге көз жұмбаса, отбасындағы өмірінің дәмі кетеді» деген.

Шағбиден риуаят етілген хадисте Алла елшісі былай деген:

«Баланың жақсылығы үшін оған жәрдем еткен әкені Алла рахымына бөлесін»[2].

Яғни, баласы қарсы келіп, орындамайтын істі әкесі бұйырмағаны жөн.

Кейбір салиқалы кісілер балаларына әлдебір бір істі істеуді тапсырмайды екен. Егер, бір нәрсені қажет етіп тұрса, басқа біреуге тапсырады екен. Оның себебін сұрағандарға: «Егер ұлыма оны істеуді бұйырсам, ұлым тілімді алмай маған қарсы келіп, соның салдарынан о дүниеде тозаққа түсіп қала ма деп қорқамын. Мен өз қолымен ұлымды отқа тастағым келмейді» деп түсіндіреді екен.

Алла елшісінің мынадай сөзі риуаят етіледі:

«Төрт нәрсе адамның бақыты: Әйелінің салиқалы болуы, балаларының жақсы адам болулары, ізгі жандармен араласуы және ризық-несібесі өз қаласынан шығуы»[3].

Егер балаға әкесі Құран үйретіп, білім беріп ізгі адам боп өсуіне жағдай жасаса, баласының сауабы әкесіне де жазылады және баласының сауабынан еш кемітілмейді. Ал, егер әкесі баласына Құран үйретпесе, оның орнына бұрыс жолды үйрететін болса, оның күнәсі әкесіне болады және баласынан да ол күнә кемітілмейді.

Сахаба Әбу Һурайрадан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (саллалаһу алейһи уә сәлләм) былай деген: «Адам өлген болса, одан үш нәрседен өзге өзге амалдарының сауабы тоқтайды. Ол үш нәрсе мыналар: Садақа жария, адамдар пайдаланатын ілім және оның артынан дұға етіп тұратын салиқалы бала»[4].

 «Тәнбиһул ғофилин» атты кітаптан. (Ықшамдап алынды).
©️ islam.kz 


[1] әл-Бәззәз риуаят еткен. Сәнәдінде Абдулла ибн Саъид әл-Мақбари бар. Ол - мәтрук. Мәжмаъуз зауаид.
[2] Әбу Шайх «Китабу сәуаб» бөлімінде ибн омар және Алиден әлсіз сәнәдпен риуаят еткен. Және де Науқани мүрсәл хадис ретінде Шағбиден келтірген. Әлсіз хадис.
[3] Хадисті Ажләуәни «Кәшфуль Хофа» кітабында келтірген. Хадистің нөмері - 310. Ибн Асакир мен Дәйләми де Сәһлден және Ибн Әби дүниядан «Кітабуль Ихуан» кітабында келтірген.
[4] Сахих Мүслим.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1057558
Пікірлер

Көрші сілтемелер