Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171131356739 %61 %

ҚАЙЫҚТА орналасқан мектеп, ҮҢГІРДЕГІ оқу орны және ЖЕР АСТЫНДА оқитын оқушылар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 23:00 - 2019/09/11


ҚАЙЫҚТА орналасқан мектеп, ҮҢГІРДЕГІ оқу орны және ЖЕР АСТЫНДА оқитын оқушылар

Дүниежүзінде кейбір адамдардың ойына кіріп-шақпайтын ерекше мектептер бар.

Сіздің ойыңызша, мектеп деген қандай болуы керек? Оқу бөлмелері, спорт залы және стандартты оқыту жүйесі бар үш қабатты ғимарат па? Иә, мектептердің көпшілігі Сіз ойлағандай. Бірақ, әлемде талапқа мүлдем сай келмейтін, ерекшелері де бар.

Қытайдағы ҮҢГІР мектебі

Донгзхонг Мид (Dongzhong Mid) – Қытай, Гуйчжоу провинциясы, Мяо таулы ауылындағы үңгірде орналасқан бастауыш мектеп. Сондай-ақ, Қытайдың ең кедей аймақтарының бірінде орналасқан мектеп 1984 жылы ашылған және 23 жыл бойы жұмыс істеп тұрған. Бірақ, кейіннен билік «Қытай – үңгір адамдарының қауымдастығы емес» деген бастамамен оны жауып тастаған.

ҚАЙЫҚТАҒЫ мектеп, Бангладеш

Бангладештің миллиондаған халқы су тасқынынан жылына екі рет зардап шегіп, балалар мектепке бара алмай қалады. Ал, адамдар бұл мәселелерді шешу барысында керемет дүние ойлап тапқан, олар қайық үйлер, медициналық орталықтар мен мектептер. Атап айтсақ, Shidhulai Swanirvar Sangstha атты ұйым 100-ге жуық қайық мектептерін ашқан және олардың әрқайсысы күн сәулесінен алынатын энергиямен жұмыс істейтін копьютерлермен, шағын кітапханамен жабдықталған. Сонымен қатар, мектеп балаларды таңертең үйден алып кетіп, кешке апарып тастайды екен. Бұл мектептер 2002 жылы ашылған сәттен бастап 70 000 бала білім алып үлгерген.

Або бастауыш мектебі

АҚШ Або бастауыш мектебі АҚШ-тағы алғашқы жер асты мектебі. Ол президент Джон Ф. Кеннедидің кезінде, Нью-Мексикадағы Артезия қаласында салынған. Мектеп толығымен жер астында, ал оның шатырында балалар алаңы салынған. Сондай-ақ, мектепте салмағы 800 келі тартатын үш болат есік бар. Тиісінше, мектеп радиацияға қарсы тұра алады және 20 мегатонды жарылысқа шыдамды. Бұл мектеп Кеңес одағымен соғыс кезінде салынғандықтан онда морг, отын қоры бар автономды генератор, автономды желдету жүйесі және азық-түлік пен дәрі-дәрмектер қоры болған.

 

Таудағы мектеп

Гулу – Қытайдағы Сычуань провинциясының Ханьюань таулы жерінде орналасқан ауыл. Бұл жерге жету үшін тау қабырғаларын жағалай созылған зигзак жолдармен жүріп өту керек. Сондай-ақ, ауыл мектебі де тау ішіне салынған.

Филадельфиялық «болашақ» мектебі

2006 жылы Батыс Филадельфияда оқулықты қажет етпейтін мектеп ашылған, яғни кітап орнына компьютерлерді қолданады. Сондай-ақ, мектеп ашылғаннан кейін, техникалық дайындықтың әлсіздігінен бірқатар мәселелерге тап болған. Алайда, көп ұзамай ондағы оқушылар техникалық білім бойынша үздіктер қатарынан көріне бастаған.

«Кенэлэкэн» көшпелі мектебі, Якутия

Бұрын Якутиядағы бұғы өсірушілердің балалары мектеп-интернаттарға баруға мәжбүр болса, қазір көшпелі мектептерде оқиды. Олар көшпелілердің тұрақтарында орнатылған спутниктік ғаламтормен жабдықталған үлкен шатырлардан жасалған. Сондай-ақ, 2-3 мұғалім сабақ беретін мектепте балалар арнайы бағдарлама және кесте бойынша білім алады. Ал, балалар үй тапсырмаларын ғаламтор арқылы алып, дәл солай тексеруге жібереді.

Террасет жерасты мектебі, Вирджиния штаты, АҚШ

АҚШ-тағы энергетикалық дағдарыстың өршіген кезінде салынған бұл мектепті жылыту үшін табиғи жер жамылғысын қолданылған және шатырына күннен энергия алатын батареялар орнатылған.

 

Көпір астындағы мектеп, Нью-Дели, Үндістан

Бұл мектеп кедей отбасылардан шыққан балаларға еріктілердің ұйымдастыруымен арнайы құрылған. Бірақ, оқу бағдарламасы өте нашар, яғни «жоқтан жақсы» деуге болады. Себебі, онда балаларға қарапайым есептерді және әріп оқуды ғана үйретеді.

Дайындаған: Б.Ерман, ERNUR.KZ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1046858
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Welcome to Aqtóbe: Ақтө 1 min
Мемлекет басшысы Петроп 7 min
В.Исламова күрестен Ток 9 min
Ли кічяң сант - петербу 9 min
Шамалғанда шенеуніктер 9 min
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 10 min
Бас инспектор ақау шыққ 13 min
Павлодарда 22 жастағы ж 19 min
УЕФА Чемпиондар лигасын 19 min
Британ премьері Брекзит 19 min
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 22 min
Ли жаншу әзербәйжән, қа 29 min
Боз кілемде балуан қызд 29 min
Білім және ғылым вице-м 29 min
Бас инспектор ақау шыққ 1 sagt
Бокстан әлем чемпионаты 1 sagt
Тоқаев: СҚО-ны газданды 1 sagt
Бас инспектор ақау шыққ 1 sagt
Ақтөбе мен Орынбор шека 1 sagt
Қазақстанның бірқатар а 1 sagt
ҚР Президенті отандық а 1 sagt
Жол апаты кезінде оқиға 1 sagt
Нұр-Сұлтанда Қазақстан- 1 sagt
Президенттік жастар кад 1 sagt
Шамалғандағы апат: Поли 1 sagt
Аз ұлттардың 11 – кезек 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО 1 sagt
Күрес түрлерінен әлем ч 1 sagt
Елордаға әлемдік діндер 1 sagt
Президенттің Петропавлғ 1 sagt