Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2211539944 %56 %

Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауды ұсынды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 17:00 - 2019/09/11


Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдауды ұсынды

Мәжіліс депутаты Дания Еспаева палатаның пленарлық отырысы барысында кейбір қазақстандықтарға кредиттерді есептен шығару мәселесін қозғады. Оның бағалауынша, нарықтық қатынастар дамыған әлемнің ешбір елінде борыштарды ауқымды есептен шығару қолданылмаған, ал төлем қабілеті жоқ қарыз алушылар бойынша мәселе банкроттық туралы арнайы заңдар шеңберінде құқықтық алаңда шешіледі.

Депутаттың айтуынша, борышкердің несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы — қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс факторларының бірі және Мемлекет басшысы Үкіметке және Ұлттық банкке халықтың әлеуметтік осал топтарына кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша қарыздарды есептен шығаруды тапсырды. Мұндай қарыздар қазіргі уақытта кредиттік рақымшылық шеңберінде 630 мыңнан астам қарыз бойынша 507 мың азаматқа есептен шығарылады. Оларды өтеуге 106 млрд теңге бөлінді.

«Әрине, мемлекет қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға қажетті көмек көрсетуге міндетті. Алайда, барлық қиыншылықтарға қарамастан, алған несиелерін адал қайтарып берген, кейде өздеріне қажет нәрселерден бас тартқан азаматтар тең емес жағдайға ұшырады», — деді Еспаева.

Оның бағалауы бойынша, бұл акция бір жолғы жарияланғанына қарамастан, болашақта төлем төлемейтіндердің саны қайтадан сыни деңгейге көтерілмейтініне кепілдік жоқ, әлеуметтік шиеленісті төмендету үшін қайтадан бұл әрекетті қайталау қажет болады, өйткені прецедент жасалды.

«Дамыған нарықтық қатынастары бар әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің ешқайсысында қарыздарды ауқымды есептен шығару қолданылған жоқ. Ал төлем жасауға қабілетсіз қарыз алушылар бойынша мәселе банкроттық туралы арнайы заң шеңберінде құқықтық алаңда шешіледі», — деді депутат.

Сондай-ақ, ол 2015 жылы депутаттық бастама ретінде «Ақ жол» фракциясының депутаттары жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеп, енгізгенін еске салды. Алайда, құжат Үкімет жанындағы ВАК-та қолдау таппады.

«Сол кезде бізді осындай заң жобасы Қаржы министрлігінде Дүниежүзілік банкпен бірлесіп дайындалып жатыр және 2017 жылы қабылдау жоспарланған, деп сендірді. Қазір 2019 жыл, заң қайда? Үкімет мұндай заңның қабылдануын жалпыға бірдей кіріс декларациясын енгізуге міндеттейді, бірақ, бұл шараға көшу тағы бір рет 2025 жылға ауыстырылды. Осы бес жыл ішінде біздің азаматтарымыз тағы бес рет несие алып үлгереді, кейін оларды қайтармайды, енді халық сұрамайды, мемлекет есебінен жаңа жүздеген миллиард қарызды есептен шығаруды талап етеді. Егер үкімет жеке тұлғалардың банкроттыққа ұшырауы туралы біздің фракция ұсынысына бес жыл бұрын қол жеткізсе, бүгінгі күні төлем қабілеті жоқ азаматтардың қарыздарын өтеуге үлкен қаражатты жұмсаудың қажеті туындамас еді», — деді Дания Еспаева.

Ол үкіметке жеке тұлғалардың банкроттығы туралы уәде берген заң жобасын енгізуді ұсынды. Ал дайын болмаған жағдайда 2015 жылы үкімет қабылдамаған заң жобасын қайта енгізу керектігін айтты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1046690
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ковалев пен Альварес ал 4 min
"Астана" "Манчестер Юна 14 min
Рамазан қарсаңында меші 14 min
Интернет жұлдызы тікеле 24 min
Қытайдың ең бай адамы Т 1 sagt
РАМАЗАН – МҮМКІНДІК АЙЫ 1 sagt
Түркістанда Open Space 1 sagt
Жеңіс Қасымбек Қарағанд 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
UFC чемпионы ұйым басшы 1 sagt
Елордада Тіл туралы заң 1 sagt
Рысқалиевтер ісі: Мемле 2 sagt
Әблязов қорқып отыр - Б 2 sagt
Ақтөбеде жолақысын карт 2 sagt
Ұстаздарды артық жұмыст 2 sagt
Парижде үкіметке қарсы 2 sagt
Атырау облысы Қазақстан 2 sagt
Тағы бір қазақстандық с 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Оралда жүкті әйел көпір 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Қазақстанда Цифрлық ком 3 sagt
Тоқаев "Оралман" сөзіне 3 sagt
Бекзат Нұрдәулетов – әл 3 sagt
Қостанайлық қайырымды ж 3 sagt
Қазнетке 25 жыл толды - 3 sagt
Министр Риддердегі спор 3 sagt
Димаш Құдайберген қытай 3 sagt
"Барлығын түсіріп, өзі 3 sagt
Балалар музыкамен айнал 3 sagt