Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171131356739 %61 %

«Мәснәуиден» бір хикая. Құстың айтқан үш өсиеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 13:30 - 2019/09/11


«Мәснәуиден» бір хикая. Құстың айтқан үш өсиеті

Бір бейшара құс аушының айласына алданып, құрған тұзағына түсіп қалады. Содан құс өзін ұстаған аушыға: «Уа, тақсыр! Сен өміріңде қаншама қой етін жедің, қаншама сиыр етін жедің. Бірнеше рет құрбандыққа түйе шалған да шығарсың. Олардың еттеріне өзіне тоймаған сен, менің етіме мүлдем тоймайсың ғой. Одан да мені босат, егер, мені бостандыққа жіберсең, саған үш өсиет айтамын. Үш өсиеттің бірін сенің қолыңда тұрып айтамын. Екіншісін анау шатырдың үстінде айтамын. Ал, үшіншісін мына ағаштың төбесіне қонғанда айтамын. Ол үш ақыл-кеңесті естігеннен кейін өте бақытты боласың. Маған сен» - деп сайрай жөнеліпті. "Құс не айтар екен" деп, аушы ұсынысты қабыл етіпті. Ол оны қапастан шығарып, қолында ұстап тұрғанда: 

«Болуы мүмкін емес нәрсені кім айтса да сенуші болма» - деп құс бірінші өсиетін айтыпты. Құстың айтқан кеңесін ұнатқан аушы қалғандарын да естиін деген ниетпен құсты жіберіпті. Құс ұшып үйдің шатырына қоныпты да: 

«Жіберіп алған мүмкіндік үшін қайғыланба» - деп екінші өсиетін айтыпты.

Екінші өсиетін айтқаннан соң ұшып ағаштың бұтағына барып қоныпты. Бірақ үшінші өсиетін айтпастан бұрын құс төменде тұрған аушыға: «Ішімде 10 дирхам ауырлығында (320 граммдай) өте қымбат інжу тасы бар. Ол інжу тасы сені де, бала-шағаңды да байытатын еді. Әттең, саған бұйырмаған екен» - дейді. Құстың ол сөзін естігеннен кейін аушы ойбалап, толғағы қысқан әйелдей бақыра бастапты. Сонда құс оған:

«Мен саған жіберіп алған мүмкіндік үшін қайғылан ба, деп жаңа айттым емес пе?» - депті. –«Уысыңнан інжу тасы кеткен екен, енді неге қайғырып тұрсың? Саған айтқан өсиеттерімді түсінбедің бе? Саған жаңа айттым ғой: «болуы мүмкін емес нәрсені кім айтса да сенуші болма» деп. Менің салмағым үш дирхамға жетпейді. Қалайшы асқазанымда 10 дирхам ауырлығында інжу болуы мүмкін?» - деп ескерту жасапты. 

Құстың бұл сөзінен кейін біраз өз-өзіне келген аушы адам:

- Жарайды, енді үшінші өсиетіңді айтқын» - депті. Сонда құс оған:

- Алдынғы екі өсиетке құлақ асқандай үшіншісін сұрап тұрсың ғой. Ұйқыға кеткен адамға өсиет айтып, үгіт-насихат жасау – құнарсыз жерге дән себумен тең. «Ақымақтық пен надандық жыртығы - жамау ұстамайды» депті де ұша жөнеліпті.  

Мәуләна Ж. Руми, «Мәснәуи Шәриф».
Хикаяны аударған: А. Қасым

«Мәснәуи кітабы – шөлдеген адамның шөлін қандырар тәңірдің көл-көсір бұлағы іспетті». Мұхаммед Иқбал.  

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1046557
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Бас инспектор ақау шыққ 4 min
Бокстан әлем чемпионаты 9 min
Тоқаев: СҚО-ны газданды 9 min
Бас инспектор ақау шыққ 13 min
Ақтөбе мен Орынбор шека 19 min
Қазақстанның бірқатар а 19 min
ҚР Президенті отандық а 22 min
Жол апаты кезінде оқиға 28 min
Нұр-Сұлтанда Қазақстан- 29 min
Президенттік жастар кад 29 min
Шамалғандағы апат: Поли 1 sagt
Аз ұлттардың 11 – кезек 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО 1 sagt
Күрес түрлерінен әлем ч 1 sagt
Елордаға әлемдік діндер 1 sagt
Президенттің Петропавлғ 1 sagt
Әйелдер күресінен әлем 1 sagt
Қазақстан мен АҚШ байыт 1 sagt
Қазақстан құрамасының б 1 sagt
Жүңгөнің өз жолы жөнінд 1 sagt
KASE қорытындысы: $1 = 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Нарынқол ауылына бір жы 1 sagt
Қазақстанға автокөлік ә 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Қуандық Шамахайұлы. Ұял 1 sagt
Жаңа жүңгө құрылғандығы 1 sagt
Әлемдік және дәстүрлі 1 sagt
ЖИҺАД ЕМЕС, ТЕРАКТ R 1 sagt
«Жаңа латын әліпбиін ен 1 sagt