Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-11804365046 %54 %

«ОТКРЫВАШКА» АТАНҒАН ӘКІМ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 16:00 - 2019/07/12


«ОТКРЫВАШКА» АТАНҒАН ӘКІМ

 

«Құрдымға кеткен» ауылына аудан әкімі барады екен, халыққа есеп береді екен» деген хабар құлағына тигелі, аудандық «Әкімнің шапағаты» газетінің бас редакторы Жағынбек Мәймөңкеұлы қалай жағынудың жоспарын құра бастады. Қаншама әкімді құрақ ұшып қарсы алды, олардың бітпейтін баяндамаларын, жүрген жүрісі мен күлкісін, сүйіп ішер асын, жасаған «еңбегін» алақандай газеттің төрт бетіне тізіп шығудан алдына қара салған емес. Оларға бағышталған арнау өлеңдерге қоса, арғы ата - тектері туралы жазылған мақалалар мен дастандар шаш етектен. Бір жолы «Ресейге барған аудан әкімі» деген мақаласы «сенсация» туғызып, оқырмандар у-шу болғаны бар. «Ресейдің бір облысының губернаторы анау – мынау әкімді қабылдай бермейді. Демек қазақстандық әкімнің беделі зор. Бұл тарихи оқиға» деп басыңқырап жібергені есінде.

   Жәкең талай әкімнің алдын көрген тіс қаққан әккі  емес пе өте қатты қинала қойған жоқ,  бірден аудан аппаратына хабарласып,  аудан әкімі Түкбітірмес Жайжүргеновтың ауыл тұрғындарына оқитын баяндамасын қолына түсірді. Баяндаманың негізгі нобайын қағаз бетіне өзі түсіріп бергені  оқып отырғанда ойына оралды. «Абай жолының» қалың екі томындай кере қарыс баяндама да «рухани жаңғыруды» дер уақытында қолға алғанның арқасында ауыл халқының төмендеп кеткен рухтарының көтеріле бастағаны тәптіштеп жазылыпты. Сосын «Дипломмен» ауылға келген жастардың «Енді көрмегеніміз Алматы мен Астана болсын, ол жақта қаңғырып үйсіз-күйсіз жүргенше ауылда қалуға бекіндік» деген бастамаларын қолдап отырғаны айтылыпты.  Ең қызығы: аудан әкімі Ит жылында қаңғыбас иттерге аяушылық болмайтыны, оған бюджеттен қыруар қаржы бөлінгені, өзіне дейінгі әкімнің «итке бөлінген» ақшаны аң аулауға жұмсап жіберіп соның кесірінен итке таланған бала – шағаның көбейгенін де түйреп өтіпті.

Ауылшаруашылық саласын дамтуға арналған «Сыбаға», «Құлан», «Алтын Асық» бағдарламалары өз деңгейінде атқарылғаны сондай, құлайын деп тұрған саман үйлерін кепілдікке қойып несие алғандар саны артыпты. «Абсальютті» бұқалардың кесірінен ауылдағы жеңіл салмақтағы сиырлар мертігіп ірі қараның азайуына апарып соғуда – мыс. Баяндамада ауыз су мәселесі толығымен шешілді деген түйін бар болып шықты. Соның арқасында кей ауыл тұрғындары филтрден өткен таза суды саудаға шығарып, қалталарын қампайтып жатқан көрінеді. 

Оны айтасыз, қыстың көзі қырауда ойқы-шойқы тас жолдарға бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында су құйылғаны, сөйтіп машиналардың еркін жөңкілуіне бар жағдай жасалғаны нақты фактлермен көрсетіліпті.

Мұның бәрі жағымды жаңалықтар болғанымен, Жағынбекке бәлендей ұнай қойған жоқ.

Елең етерлік ақпарат іздеп көз майын тауысып түні бойы баяндаманы үтір – нүктесіне дейін қалдырмай оқыды. Таң сібірлеп ата бастағанда, «Құрдымға кеткен» ауылындағы жергілікті жұрттан алақан жайып жиналған қаржыға салынған «әмбебап дәретхананың»  ашылуында аудан әкімінің сөз сөйлейтіні, кейін лентасын қиып, ауыл әкімінің үйінен бір қойдың басын мүжіп кететін жолдарды кездестірді. Әйелі ұл туса мұндай қуанбас. Міне, мақалаға тұздық! Ұйқысы шайдай ашылып, қаламсабын қолына алып, аудан әкіміне ода мақала жаза бастады. «Ауданымыздың үлкен адамы, халықтың қалаулысы, ақыл –парасаты қатар өрілген азаматтың өз еңбегімен өскені бір қыры десек жарасар. Жастайынан тас қалаған, качегорда қара көмірді пешке лақтырып, халықтың үйін ғана емес, жүрегін жылытқан, сөйтіп жүріп, жоғары білімді сырттай оқып тауысқан Түкбітірмес Жайжүргенов жайлы аудан көлемінде білмейтін адам жоқ. Негізгі мамандығы тау – кен саласы болса да, саясатқа желісті, экономикаға ұшқыр, тарихқа жорға, ауылшаруашылығына жүйрік жан. Өзге аудандардағы әкімдерден өзгешелігі елуде – елу саясатын қатты ұстанатыны. Таза қазақ ауылын басқарып отырса да, қарамағындағыларды орысша сыбап тастайтынымен ерекшеленеді. Ел бірлігін, ынтымағын ойлағанда бір бет баяндаманы қаққа айырып, екі тілге қылдай бөледі. Қазіргі таңда облысқа күнара қатынап, ағылшын тілін үйренуге күш – жігерін сарп етуде. Болашақта үш тұғырлы тілді жандандыруға күш салмақ ойда. Соңғы жылдары өте толысып барады, әкіміміз. Келгендегі киімдері шақ келмей қалыпты.  Дәрігерлер «қимыл - қарекет өте аз» деген диагноз  қойыпты. Ел басқару оңай ма, жүріп – тұрудан да қалды қазір. Қарым – қабілетін білетіндер, талай әкімді көріп едік, бірақ тап мұндай лента қиғыш «отрывашка» әкімді көрмедік деп таңдай қағысады. Тағы бір тұлғалық қабілеті – тіл алғыштығы. Жоғары жақтан тапсырма болмаса, өз бетімен іс тындыруға мүлде жоқ. Онысы, бюджет қаржысын далаға шашпайын деген ниеттен туғаны көрініп тұр...

Осы ардақты әкіміміз «Құрдымға кеткен» ауылында жаңа дәретхана ашуды көптен ойлап, ұйқысыз таң атырып жүргенін  айта  беруші еді. Соның орайы бүгін келді.  Дәретхана – тазалық кепілі. Тазалық жоқ жерде – ұят та жоқ. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдеріне қосылу үшін –  туа бітті ұйымдастырушылық талант әр әкімнің бойынан табыла бермейді өкінішке орай. Бұл жағынан біз бақыттымыз. Енді ауыл тұрғындарынан осы дәретхананы таза ұстауды, қыста жылуы мен суы барын ескеріп «платный» қылуды аудан әкімі баяндамасында нақтылап берді. Енді соны іске асыру ғана қалды.

 Түкбітірмес Жайжүргенов мырза елдің қамын ойлап жүретін көреген басшы емес пе,  ауыл әкімдеріне айбарлы бұйрықтар беріп, жемқорлардың желкесін қиюды тапсырды. Жұмыссыздықпен күресте нәтиже бар екеніне тоқталып, бірақ оған масаттануға әлі ерте екенін жеткізді. Әкімнің баяндамасын үш сағат бойы тапжылмай тыңдаған ауыл тұрғындарының көпшілігі (қайтсін енді) қалғып кетіп отырды.  Бұл да болса баяндаманың қаншалықты әсер еткенін көрсетсе керек. Жиын соңында ауыл халқы  аудан әкімінің алыстан ат арытып келіп дәретхананың лентасын қиып кеткеніне ризашылықтарын білдіріп, ұзақ қол соғып шығарып салды».

Мақаласын бір шолып шыққан бас редактор күні ертең аудан әкімінің өзін кабинетіне шақырып алып арқасынан қағып, алғыс айтарына шүбәсіз сенді. Газет номері шығатын күн болғандықтан Әкимат ғимаратында орналасқан редакцияға ертерек келді.

Түкбітірмес Жайжүргенов бозала таңнан тұрып «Құрдымға кеткен» ауылына жол жүріп кетіпті.  Ауыл кеңсесіне телефон шалып еді ешкім көтермеді. «Қарбаласып жатыр –ау, байғұстар» деп рахаттана бір күліп алды. Шалғайдағы ауылдармен ұялы телефон арқылы байланысу қиямет – қайым екені өзіне мәлім.  Шыққалы жатқан номердің екінші бетіне түні бойы шимайлаған мақаласын орналастырып, лентасы кесілгелі жатқан «Дәретхананы» басты бетке шығарып, қасына күліп тұрған әкім Түкбітірмес Жайжүргеновты жайғастырды. Түс ауа бергенде, әкім шаруасын бітіріп оралады - ау деген шамада аудандық газетте «Аудан әкімі дәретхана салдырып әуре» деген мақала жарқ етті.

 

 "Қазақстан дәуірі" газеті

Нағашыбай Қабылбек

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1022349
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар