Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-2010047628 %72 %

ШЫБЫНДАР «ШЕРУІ»



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 10:15 - 2019/07/11


ШЫБЫНДАР «ШЕРУІ»

 Жұмысым шыбын-шіркей өлтіру. Рахат жұмыс. Жанға жайлы, асқазанға майлы.... Үлкен бір  бастықтың зәулім котеджін күзетемін. Аумағы ат шаптырым. Екі аяқтыны айтасыз, төрт аяқты, алты, сегіз аяқты тірі жәндікке дейін бұл маңайда жүруге рұқсат жоқ. Бұйрық солай.

 Естуімше, шыбын-шіркей өлтіру штаты маған дейін болмаған көрінеді. Алайда қан сорғыш жәндіктердің жиі-жиі бас көтеруінен кейін ашылған штат шамасы. Көптеген ауруды осы жәндіктер таратады дегелі қожайында маза жоқ. Оларды азығынан айырды. Мекендерінен қуып тастады...Тентіретіп жіберді...

 Айлығы дейсіз бе, қомақты. Айтып сілекейіңіздің суын ағызбай –ақ қояиын деп едім, болмай тұрсыз ғой. Жарайды.   Жұрт жақсы көретін анау көк қағаздың Бенджамин Франклин бейнеленген алтауы. Міне, патша деп соны айт! То есть президент. Халқы құрметтеп, ақшаның бетіне суретін салып тастапты. Өзі сұранбаған. Елі соған лайық көрген. Не деген данышпан тұлға!  Маңдайы жарқырап тұрған сол кісіні қатты жақсы көремін өзім....

Айдың аяғында 6 жапырақ көк қағаздың  алақанымды  «күйдіріп» түрғанын көз алдыңызға елестетіп көріңізші? Көкпеңбек алты қағаз! Керемет қой!  Әкелік мейіріммен мен секілді бейбаққа аяи қарайтыны бір керім. Сондай сәтте шыдамай жылап жіберемін...

Ең ғаламаты, үйге әкеліп қатынымның алдына тастай салғанда алтауы – алты түмен әскердей айбарланып шыға келетіні-ай. Сол кезде қатынның да қос қолтығына «қанат бітіп», алдымда құрдай жорғалай жөнеледі. Ұшқысы келеді. Бірақ жер жарықтық жібермейді. Тартылыс заңына амалсыз бағынып отыра кетеді. Қайтсін байғұс –ай.

Көп сөйлеп кеттім бе, айыпқа бұйырмаңыздар? Қуанышты бөліскен жақсы дегенге, бөлісіп жатқаным ғой. Иә, жұмысым маса өлтіру. Кәдімгі қоғамға зияны тиетін, халықты әбігерге салатын, шенеуніктердің ұйқысын қашыратын –  буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз жануарлар класымен соғысамын. Қандарын судай шашамын.  Аямаймын. Себебі қожайынның жұмысына кедергі келтіру, бала-шағасының мазасын алу деген не сұмдық? Барға қанағат етуді үйренудің  орнына, қожайынның ауласында жүргілері келеді. Көрсетемін оларға әлі...

Мамыражай тіршілікке мас болып, жақын арада қолға тиетін 600 долларды көз алдыма елестетіп, арман –арғымаққа жайдақ мініп «шауып» келе жатыр едім,  «Шыбындар шеруге шығып жатыр» деген сигнал  тап маңдайдан ұрған соққыдай тиді.  Жалма - жан қорғаныс киімдерімді киіп алып,  маса ұрғышымды қолыма ұстап  «жорыққа» аттандым. Келсем аула шыбын-шіркейге толып тұр. Тіпті зәулім үйді буып тастапты. Құлақ салсам гу-гу әңгіме. Ызың-ызың  өсек. Ию –қию айқай.

(Айтпайын десең айтқызады бұлар, қаншама жыл қазақтың жылы-жұмсағын жеп келе жатқан ағайын қазақтың тілін үйрене алмай жүр, ал мен болсам күнім үшін, шыбын-шіркейдің сөзін түсінетін жағдайға жеттім).

Сөздеріне құлақ түрсем, қожайыныма ызалы секілді. Ызың-ызың етеді. «Табиғат заңына қарсы шықпаңыз! Баймын деп мастанбаңыз! Бізді несібемізден қақпаңыз, ат шаптырым жеріңізде біздің де еншіміз бар, соны ұмытпаңыз! Алла берген ырыздықты бізден қызғанбаңыз! Өзге жердің масасына барыңызды беріп, жергілікті  шыбын-шіркейді жерге тықпаңыз! Иттің итақайы жеп жатқан көкорай шалғыннан үлес беріңіз?! Ашымызды тойындырыңыз, демократияға жол ашыңыз?! Бізді аямай қырғалы жатқан күзетшіңізге тоқта деңіз?!» деп ұрандатып тұр. Әй, мұндай жыным келмес. Тұра ұмтылдым.

Осы мезетте қалта телефоным шылдар ете қалды. Қарасам басекең.

-                     Алло, алло, басеке. Тыңдап тұрмын. Иә-иә. Дауысың естілмейді дейсіз бе? Иә, мына масалар шерулетіп, маңайды у-шу қылып жіберді ғой.... Бір ауыз сөзіңіз, қырып тастаймын қазір. Не дейсіз? Тиме дейсіз бе? Неге? Аясаңыз басыңызға шығып алады ғой? Кім? Сырттан неге қорқасыз? Бақылап отыр. Кім?  Ә, түсіндім. Енді...? Бағынбағандарын  сарайға қамай бер дейсіз бе? Айлықты көтеремін дейсіз бе? Қанша? Тағы 70 доллар қосамын. Рахмет, рахмет... Мақұл басеке, мақұл! Еш алаңдамаңыз!

Шеруді бастап шыққан  ара мен сонаны бір-бір ұрып жалп еткіздім де, бар дауысыммен айқай салдым. «Әй, шыбын-шіркейлер! Тараңдар. Сендер заңсыз шеруге шығып жатырсыңдар. Қожайынды ел сыйлайды. Құрмет тұтады. Сендер үшін ол кісі не істемеді? Бұған дейін иесіз жатқан үйдің ауласын сол кісі ғой қоршаған. Бұрын қоршасаңдар қайда қалдыңдар? Тентіреп далада жүрдіңдер!  Қарындарың ашса шыдаңдар! «Ашыққан қарын тойынар».  Сабырға келіңдер! Көрші ауладағылар жақсы тұрмыс кешіп жатыр дегенді қойыңдар! Кім көрінгеннің айтағына ермеңдер!» деп маса ұрғышымды жоғары көтердім.

Бұл енді аямаймын деген соңғы белгім еді. Соны түсінген біразы райынан қайтып кері қарай ұшып кетті. Ал «Кет», «жоғал» деп ұрандатқандарды бір-бірлеп «желкелеп», кешіріңіздер, қуып жүріп ұстап  сарайға қамап тастадым. Тыныштықтың қадірін білмеген шыбын-шіркейдің көретін күні осы болмақ...

 Басшыға адал болсам, қожайын уәдесінде тұрса алдағы айлығыма  АҚШ-тың 18-ші президенті Улисс Гранттың және  Джон Ф. Кеннедидің суреті бар қаржы қосылады. Тек сол күнге тезірек жетсем екен?

Нағашыбай Қабылбек

"Қазақстан дәуірі" газеті

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1021747
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


20 шілде. ҚазАқпарат кү 1 min
Қазақстанның 4 қаласынд 1 sagt
Атырауда заңсыз қызмет 2 sagt
Аялдамалар алып тастала 3 sagt
Биыл 3200 адам қажылық 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Республика даңғылында қ 3 sagt
Елордалық полицейлер қа 4 sagt
«Қазақтану» пәні енгізі 4 sagt
Ұлттық кеңестен не күте 4 sagt
Астаналық нарық – жақс 4 sagt
Қазақстанның бірқатар о 4 sagt
Алты жастан мектепке ба 4 sagt
Жылу беру маусымына дай 5 sagt
ҚАЛДЫҚТЫ ДА КӘДЕГЕ ЖАРА 5 sagt
Президент кубогы: Финал 5 sagt
Иран АҚШ санкциясынан қ 5 sagt
Ілгерлеу бар, бірақ бая 5 sagt
Мүгедектерге нысандарды 5 sagt
Пәкістанда экс-премьер 5 sagt
Қарағандыда «Бақытты от 5 sagt
Қиын жасөспірімдер «Жас 5 sagt
19.07.2019 - Parasat ma 5 sagt
Қолды болған құндылықта 6 sagt
Қазақстандық дзюдошылар 6 sagt
Көне дәуірден сырт тарт 6 sagt
Тіл ортақ болмай, қоғам 6 sagt
Муфаса мақалдап сөйлейд 6 sagt
Зеленскийдің партиясы ж 6 sagt
Теннис: Александр Бубли 7 sagt