Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Forbes-тағы Қазақстандық байлар. Олар кімдер?



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 20:00 - 2021/04/07

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/131383



Forbes басылымы 6 сәуір күні әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жариялады. Оған алғаш рет Kaspi.kz құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе, Freedom Finance басшысы Тимур Турлов кірді. 

Қазақстандық дәулетті азаматтардың көшін Владимир Ким бастап тұр. Оның дәулеті 4,6 млрд долларды құрайды. Екінші орында Болат Өтемұратов қанжығалады. Оның капиталы бір жылда 700 млн долларға артып, 3,4 млрд долларға жеткен.

Қазақстандық бизнесмендер арасында Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі Вячеслав Ким 3,3 миллиард доллар капиталымен үшінші орынға жайғасты.

Қазақстандық төртінші және әлемдегі 956-шы бизнесмен Вячеслав Кимнің серіктесі Михаил Ломтадзе болды, оның байлығы 2,3 млрд доллар. Ол Kaspi.kz-тің 23%-ын иемденеді.

Ломтадзе - Грузия азаматы, бірақ оның капиталы Қазақстанда, сондықтан әлемдік тізімде ол қазақстандық бизнесмен болып есептеледі.

Қазақстандықтар арасында бесінші тізімде Тимур мен Динара Құлыбаевалар тұр. Олардың әрқайсысының капиталы 2,8 млрд долларды құрайды.

Алғаш рет тізімге 2,2 млрд доллар капиталы бар Тимур Турлов кірді. Ол қазақстандықтар арасында алтыншы орынға табан тіреген.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1385024
Пікірлер

Көрші сілтемелер