Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Кенесарының басы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 19:00 - 2021/04/07

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/131373



Ел ішінде хан Кене қапылыста қолға түскеннен кейін, жау оның басын кестіріп, күл салғыш ... ретінде пайдаланған деген қауесет бар.

Алтыбақан алауыз қаһанның

Еркегі қайсы, қатыны?

Ата жау басын атаңның,

Күлсалғыш қылды ақыры!

Мінезің-ай, қазақ, беу, сенің

Қастасқан кезде қашып өң:

«Әкеңнің басы» деуші едің,

Ал, ойна –

Әкеңнің

Басымен!

Алаштың тау мен тасына

Талыстай таңба басылып;--

Ит пен құс шықты басыңа,

Басыңның жоғын басынып...

Баспақ ел болдық неге біз,

Бопсаға көніп не түрлі?

...Біз –

Бассыз қалған денеміз –

«Бассыз салт атты» секілді!!!

Серік Ақсұңқарұлының жазбасы

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1384983
Пікірлер

Көрші сілтемелер