Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 02:20 - 2021/02/23

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/128994



Экс-министр Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімі ұзартылды. Бұл туралы оның заңгері Дмитрий Куряченко айтты.

«Тергеу үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 12 ақпанында ұзартуды сұрады, сот наурыздың соңына дейін ұзартты. Бұл шешімді заңсыз деп ойлаймын. Сол себепті Тоқаевқа хат жолдадым»,- деді адвокат.

Еске сала кетейік, бұған дейін экс-министр мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Ол өткен жылдың қараша айында тұтқындалды. 2020 жылдың 25 маусымында денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған болатын.

2020 жылдың қарашасында адвокаты Біртановтың адвокаты экс-министрдің үйқамақта екенін мәлімдеді.

2021 жылдың қаңтарында Нұр-Сұлтан қалалық тергеу соты экс-министрді үйқамақта болуын ақпанның соңына дейін ұзартқан болатын.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1359110
Пікірлер

Көрші сілтемелер