Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ермахан Ибраимов депутат болды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 12:00 - 2021/01/14

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/127026



Алматы қалалық мәслихатына «Нұр Отан» партиясы ұсынып, сайлаған депутаттар тізімі белгілі болды. Тізімде 29 адам бар екен. Олардың арасында белгілі шахматшы Жансая Әбдімәлік пен қаламгер Қали Сәрсенбай бар.

Одан бөлек, мәслихат депутаттарының қатарына Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов та енген. 

Бұған дейін Ермахан Ибраимов Парламент сайлауы күні байкот жариялап, көшеге шыққан Жанболат Мамайдың жақтастары мен «Оян, Қазақстан» қозғалысының мүшелері өткізген митингте жұрт көзіне түскен. Өзінің айтуынша, алаңға шыққан азаматттарға басу айта барыпты.

Алайда, әлеуметтік желіде Ибраимовтың белсенділердің қолындағы плакатты тартып алған видеосы тарады. Желідегі жұрт Олимпиада чемпионын қатаң сынаған еді. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Одан соң, Ибраимов БАҚ өкілдеріне: «Мен биліктің жандайшабы емеспін» деп сұхбат беріпті.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1335310
Пікірлер

Көрші сілтемелер