Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Борис Джонсон ковид қайдан тарағанын айтты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 19:40 - 2021/01/13

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/127000



Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус пандемиясының пайда болуына «панголиндерді қолданып емдеу тәжірибесін өткізу әдісі себеп болғанын» айтқан.

- Ер адамдардың қауқарын сақтауда панголиндердің қабыршағын қолдану миға қонымсыз. Коронавирус пандемиясы адам мен табиғат арасындағы дисбаланс нәтижесінде болған. Вирус жарқанаттардан не панголиндерден, сол жануардың қабыршағын үгіткен кезде сізде қандай да бір күш не тағы басқасы пайда болады деген ойдан тарады, - деген еді Джонсон.

Оның бұл сөзін Ұлыбританиялық Daily Mail басылымы осылайша Джонсон дәстүрлі қытайлық медицинаны «сынап тастады» деп болжаған.

Кейін Қытай Сыртқы істер министрлігі оның бұл сөзіне жауап берді. Қытай СІМ ресми өкілі Чжао Лицзянь коронавирус қайдан пайда болғанын анықтау ісімен ғалымдар айналысқаны дұрыс екенін айтты.

- Бұл мәселеге қатысты түрлі болжамын айтып, шу туғызатын адамдарға орын жоқ. Ол халықаралық ынтымақтастыққа теріс әсерін тигізеді, - деді дипломат.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Қытайда коронавирустың қайта өршіп жатқаны хабарланған. Соңғы тәулікте аталған еді 115 науқастан коронавирус анықталған екен.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1334945
Пікірлер

Көрші сілтемелер