Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі беріледі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 19:20 - 2021/01/13

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/127001



Ақтөбе халықаралық әуежайына қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың есімін беру туралы Үкімет қаулысы Ақтөбе облыстық әкімдігінің ресми сайтында  жария болды.

Онда:

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақтөбе халықаралық әуежайы» Акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлованың есімі берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - деп жазылған.

Облыстық әкімдіктің айтуынша, бүл әзірге жоба түріндегі құжат екен. Оны енді Үкімет мақұлдауы керек.

Ақпарат үшін: Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысының Қобда ауданында туған.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1334930
Пікірлер

Көрші сілтемелер