Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 19:40 - 2020/10/17

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/122485



Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегінің өтетін күні, орны және қарсыласы анықталды.

Спорт басылымының мәліметінше, отандасымыз келесі айда жекпе-жекке шығады. Кездесу 28 қарашада Лас-Вегаста өтеді. Жұмағұловтың қарсыласы Швеция өкілі Амир Албази болады. Қазақстандықтың қарсыласы алда жекпе-жек болатынын өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Екеуі де UFC-де дебютті шілдеде жасаған. Ол кезде Жұмағұлов төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты, ал Албази жеңген еді.

Еске салайық, қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалған болатын. 31 жастағы Жұмағұлов промоушендегі алғашқы жекпе-жегінде бразилиялық 24 жастағы Раулин Пайвамен үш раундтық кездесуге шыққан еді.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1282463
Пікірлер

Көрші сілтемелер