Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Таулы Қарабақтағы 40 елдімекенді қайтарып алдық»



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 14:00 - 2020/10/16

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/122411



Әзербайжан әскері қыркүйек айының соңынан бері өзін өзі жариялаған Таулы Қарабақтағы 40 елдімекенді қайтарып алдық деп мәлімдеді ел президенті Ильхам Алиев түріктің NTV каналына берген сұқбатында.

Әзербайжан президенті армян-әзербайжан қақтығысын Түркия шешуі мүмкін еді деді. Бірақ Баку мен Анкара Әзербайжан аумағынан түріктің әскери базасын құру жөнінде ешқашан келіссөз жүргізген емес. France 24 каналына берген сұқбатында Алиев Түркия әскери қақтығысқа қатысып жатқан жоқ деп атап өтті.

Ал өз кезегінде Таулы Қарабақ өкілі Степанакертта Әзербайжан тарапы тағы да әскери соққы берді деді. Өзін өзі жариялаған Таулы Қарабақ республикасы Бакудың бейбіт тұрғындарға оқ атты деген мәлімдемесін теріске шығарды.

Таулы Қарабақтағы қақтығыс 27 қыркүйекте басталған. Армения мен Әзербайжан шиеленісті бірінші болып бастады деп айыптайды.

Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабақ дауы Совет Одағы кезінен жалғасып келеді. 1988 жылы басталып, 1994 жылы аяқталған соғыс кезінде 30 мыңға жуық адам қаза тапты, жүздеген мың адам босқынға айналды. Негізінен армяндар тұратын аймақ 1991 жылы Әзербайжаннан бөлініп шығатынын мәлімдеді, бірақ әлемнің ешқандай елі оны мойындамады. Халықаралық құқыққа сәйкес, Таулы Қарабақ – Әзербайжан жері.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1281668
Пікірлер

Көрші сілтемелер