Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жапонияның жаңа премьер-министрі – Ёсихидэ Суга



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 19:20 - 2020/09/16

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/120622



Жапонияның жаңа премьер-министрі – Ёсихидэ Суга болды. Оның кандидатурасын қолдап, Парламент өкілдері палатасының басым көп депутаттары дауыс берген.

БАҚ таратқан ақпараттарға сүйенсек, бүгін, 16 қыркүйекте Парламент өкілдерінің палатасы жиналып, жаңа премьер-министрді таңдаған. Ол бойынша жаңа премьер-министр – Ёсихидэ Суга болған. Сугудың кандидатурасын ұзын-ырғасы 314 депутат қолдаған. Ал сайлау кезінде барлығы 462 бюлетен таратылған. Енді Ёсихидэ Суга Үкімет құрамын жасақтайды.

Билік басындағы коалиция – Либералды-демократиялық партия мен Комэйто партияларына төменгі палатадағы 465 мандаттың 313-і тиесілі болған. Сондықтан, Ёсихидэ Суганың жеңісі болжау аса қыиындық тудырмаған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ болған. Ол тамыз айының соңына таман өзінің денсаулық жағдайына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеген. Ал 16 қыркүйек күні Жапония Үкіметі толық құрамда отставкаға кеткен.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1261634
Пікірлер

Көрші сілтемелер