Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 17:00 - 2020/08/02

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/117899



Бүгін, 2 тамызда Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өмірден озды.

Қайғылы хабарды Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы растады.

«Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, «Барыс», «Құрмет» «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров ағамыз бақилық болды. Батыр ағамыздың Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл болып еді...Марқұмның барлық туған- туыстарына, отбасына, жора-жолдастарына, барша Қазақстан күресiнiң жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтамыз!», - деп жазды күрес федерациясы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген.

Грек-рим күресінен спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1232281
Пікірлер

Көрші сілтемелер