Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Иран Интерполдан Трампқа халықаралық іздеу жариялауды сұрады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 18:40 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/115547



Тегеран генерал Касем Сулейманидің өліміне байланысты АҚШ президенті Дональд Трампты қамауға алу туралы бұйрық шығарды. Иран прокуратурасы Интерполға өтініш айтып, Трампқа халықаралық іздеу жариялауды талап еткен.

АҚШ президентімен бірге тізімде 35 адам бар. Иран билігі оларды Сулейманидің өліміне қатысы бар деп есептеп, кісі өлтірді және терроризм үшін деп айыптап жатыр.

Интерпол бұған қатысты "саяси, әскери, діни және нәсілдік тұрғыдан іс-әрекеттерге бармайтынын" жариялаған.

Ақ үй Тегеран мәлімдемесіне қатысты әлі пікір білдірмеді.

Иранның жоғары дәрежелі генералы Касем Сулеймани жыл басында Бағдад жанында әуе соққысынан қаза тапты. Тегеран жауап ретінде АҚШ-тың Ирактағы әскері орналасқан базаны бомбалады.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1211209
Пікірлер

Көрші сілтемелер