Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Отандастар қоры» өткізген онлайн жұмыс



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 05:00 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/115502



Елімізде жұқпалы дерт тараған уақыттан бері барлық мекемелерде қашықтан жұмыс істеу режимі енгізілді. Осы орайда «Отандастар қоры» ел іші мен шетелдегі қандастарымызға арнап бірнеше жобаны жүзеге асырды. Атап айтсақ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, «Отандастар қоры» мен «Дәстүр» сыйлығының иегері Қазипа Қалиқызының «HAZIFA» шеберлік мектебімен бірлесіп, киім тігуді үйрететін онлайн шеберлік курсын ұйымдастырды. Курсты аяқтаған қатысушыларға арнайы сертификат берілді. 

Қазақ гимнатстикасының авторы, емші Абай Баймағанбетовтың онлайн курсы өткізілді. Айкуне – қазақтың халықтық емдеу тәсілімен адамның жасырын ресурстарын оятып, екі мыңнан астам жаттығу арқылы дендеген дерттен айықтыратын өзгешелігімен ерекшеленді. Ұлттық тағамға деген қызығушылықты ояту мақсатында «Қазақтың ұлттық тағамдары - Ұлы дала бренді» онлайн ас даярлау курсын да қандастарымыз ерекше жылы ықыласпен қабылдады. Жоба ел ішінен бөлек шетелдегі қандастар арасында қызығушылық тудырып, жоғары бағаланды.

«Отандастар қоры» әлемнің әр түкпіріндегі қандастарымызбен және қазақ мәдени орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Жұқпалы дерт тараған қазіргі уақытта Францияның Париж қаласындағы «Қорқыт», Ресейдің Омбы қаласындағы «Омбы қазақтары» және Орынбор қаласындағы «Бәйтерек» қоғамдық ұйымы, Испания, Корея, АҚШ, Даниядағы қазақ қоғамдық ұйымы мен Еуропа Қазақ дәрігерлерінің ассоциациясы, Моңғолиядағы «Ел Бірлігі» Қазақ қоғамдық ұйымы және Кипрдегі «More way» Қазақ қоғамдық ұйымындағы қандастарымызбен онлайн кездесу өткізілді.

Бабадан қалған дәстүрімізді ұлықтау мақсатында әрі шетелдегі қандастарымыздың қатысуымен «ONLINE-NAURYZ» мерекесі ұйымдастырылды. Онлайн режимде өткен шараға АҚШ (Бостон, Чикаго қалалары), Иран, Германия, Швеция, Дания, Моңғолия, Ресей, Түркия елдерінен қандастарымыз қатысты.

Халықаралық мәдениет күніне орай «Отандастар қорының» ұйымдастыруымен дәстүрлі ән өнеріндегі үздік талантты әншілердің бірі, қандасымыз Сәулежан Тағзияұлының онлайн концерті көрермен көңілінен шықты. Дәстүрлі әнші, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты, «Мен қазақпын» халықаралық мегажобасының финалисі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының халық әні бөлімінде қызмет атқаратын өнерлі бауырымыз әуелете ән салып, болашақ шығармашылық жоспарымен бөлісті.

«Отандастар қоры» мен «Зерделі» ақыл-ойды дамыту орталығы бірлескен қазақ тілін қашықтан оқыту жобасы қолға алынды. Әр елдегі уақыт айырмасына қарай қазақ тілі курсы аптасына үш рет, бір күнде төрт мәрте өткізілді. Курсты өткізіп алған талапкерлер сабақты сақталған бейнежазбадан қайталап көріп, оқуға мүмкіндік берілді. Тіл курсына 12 мемлекеттің 23 қаласынан ашылған 31 қазақ сыныбының оқушылары қатысды. 

Сонымен қатар, «Ана тілім-ардағым», «Абай әлемі», «Қазақстан – ата жұртым, қасиетті – ана тілім» атты оқушылар мен жастар арасындағы халықаралық онлайн байқаулар өткізілді. Жеңімпаздар грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Мұхтар Сержан

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1210665
Пікірлер

Көрші сілтемелер