Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алик Шпекбаев қызметінен кеткені рас па?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 00:40 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/115462



ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аталған органның басшысы Алик Шпекбаевтың қызметінен кететіні жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

Шпекбаевтың агенттік төрағасы қызметінен кететіні туралы ақпаратты Ербол Еділов тelegram-каналында жазған.

- Кейбір ақпаратқа сүйенсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босату туралы өтініш берді. Оның отставкаға кету туралы өтінішіне байланысты шешімді Мемлекет басшысы қабылдайды», - деп жазған еді автор.

Бірақ агенттік бұл ақпараттықтың өтірік екенін мәлімдеді.

Алик Шпекбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін 2019 жылы маусымнан бері басқарып келеді. Ал оған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап жетекшілік етті. Биыл 4 шілдеде 63 жасқа толады.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1210614
Пікірлер

Көрші сілтемелер