Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-142250 %50 %

«Көркемсөз оқу шеберлері» атты қалалық конкурс өтеді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 16:00 - 2019/11/07



Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы Алматы қаласы әкімдігінің  2017 жылғы 18 мамырдағы № 2/163 «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Орталықтың 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, талантты жастар арасында «Көркемсөз оқу шеберлері»  қалалық конкурсын өткізеді.

Конкурстың мақсат-міндеттері: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, талантты жастарды табу және жан-жақты көтермелеу. Көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақстандық рухани бірлікті нығайту және отансүйгіштік сезімді тәрбиелеу, көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

Конкурсқа қатысушылар: Конкурсқа көркемсөз оқу шеберлігін игерген 17-29 жас аралығындағы жастар қатысады. Кәсіби өнер саласының мамандары, осы саладағы оқу орындарының студенттері, сондай-ақ осы Конкурстың өткен жылдардағы жеңімпаздары Конкурсқа жіберілмейді.

Конкурстың шарттары. Қазақтың белгілі ақын, жазушы, драматургтерінің көркемдігі жоғары шығармаларын немесе шығармадан үзінді оқу. Шығармалар Қазақстан, туған жер, Тәуелсіздік, Астана, ел бірлігі, жастық шақ, тіл туралы тақырыптарда болуы тиіс. Конкурс төмендегідей кезеңдер бойынша өткізіледі:

Прозалық шығарма оқу;

Поэзиялық шығарма оқу;

Драмалық шығарма оқу.

Конкурстың жүлдегерлері мен қатысушылары бас жүлде дипломы және 200 000 (екі жүз мың) теңгенің сертификаты; 

-I дәрежелі диплом және 150 000 (жүз елу мың) теңгенің сертификаты;

-II дәрежелі диплом және 100 000 (жүз мың) теңгенің сертификаты;

-III дәрежелі диплом және 70 000 (жетпіс мың) теңгенің сертификаты.

-номинация – 2 диплом және 35 000 (отыз бес мың) теңгенің 2 сертификаты;

- ынталандыру – 2 диплом және 30 000 (отыз мың) теңгенің 2 сертификатымен және арнайы дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады. 

Өтетін орны: Бостандық ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында (Айманов көшесі, 191) 

Өтетін уақыты: 2019 жылғы 15 қараша күні сағат 10.00

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1069113
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


13 қараша - Радиациялық 4 min
Адамдардың көпшілігі кү 7 min
13 қараша - Радиациялық 10 min
Осы араны басып көріңіз 17 min
Қорғаныс министрлігінің 25 min
Тіршілік қашанда бір тү 27 min
Брюссельде Президент То 1 sagt
Үлкен Алматы шыңына кет 1 sagt
Елордада жастарға беріл 1 sagt
Хайуанды қамшымен ғана 1 sagt
Текелідегі мектепте қай 1 sagt
Рамазан қарсаңындағы мұ 1 sagt
Қазақстанның агроөнеркә 1 sagt
Қостанай облысындағы 30 1 sagt
Бағдат Манзоровтың ісін 1 sagt
СҚО полицейлері із-түзс 1 sagt
Алматы тауында жоғалған 1 sagt
Қайғы-қасiреттi бастан 1 sagt
«С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ И 1 sagt
«Хабар 24» арнасының ті 1 sagt
Тоқаев «CNPC» корпораци 1 sagt
Елорда әкімдігі мектепт 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Халықаралық додада Ержа 1 sagt
Ақмола облысы мен Оңтүс 1 sagt
БАҚЫТТЫ БОЛУ... Біз сі 1 sagt
Егер сіз тек ақша үшін 1 sagt
Италия Қазақстан эконом 1 sagt
Алматыдан 41 км қашықты 1 sagt
Мадияр Әшкеевке жекпе-ж 2 sagt