Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-151990658361 %39 %
2019-11-161216428648 %52 %
2019-11-17953306341 %59 %

Понт пен комфорт туралы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 14:20 - 2019/11/07



Негізі әр адамның бойында "біреуге бірдеңе дәлелдеу синдромы" бар сияқты. Әлде осы қасиет тек қазақта ма? Роскошь көрмеген адамға өзіңе ұнаған нәрсені ұста, комфорт болса болды, бағасы маңызды емес деп айта алмайсың. Екі мысал айтайын, сосын 100 рет қажылыққа барған адамды талдаймыз.

Бір сұмдық роскошьта жүрген ағамыз болды. Крузак, Рейндж Ровер, соңғы үлгідегі S Class бәрін мінді. Brioni, Attolini сияқты бірнеше миллион тұратын брендтерді киді. Қазір өзіме ыңғайлы спортивка киіп алып, таксимен жүре беремін. Танитын адамдар менің қолымнан не келетінін біледі, ешкімге ештеңе дәлелдемеймін. Қазіргі осылай жүргенім, өзіме комфорт дейді.

Осыдан 4-5 жыл бұрын менде 6+, 7+ сияқты табақтай Айфон болды. Сол кезде ондай соткалар понт болатын. Көпке дейін өзімнің комфортым үшін деп өзімді алдап келдім де, өткен жылы понт үшін ұстағанымды мойындап, 99 000 теңгеге ортаңқол Huawei алдым. Бәрі норма, ешкімге ештеңе дәлелдемеймін, жұрт менің Айфонға шамам жететінін біледі. Қазіргі комфортым - Huawei.

Бұндай мысалдар айта берсек, өте көп. Понт үшін шетелге ақылы оқуға түсіп, кейін елге қайтып саморазвитиемен айналысып жүрген жандар да бар. Басында қымбат елдерге барып-барып, сосын өзіне комфорт елді тауып алып, соған жылда бара беретін саяхатшыл адамдар да жеткілікті.

Біреуге байлық, кейбіреуге білім, басқаға қажылыққа бару - жетістік. 100 рет қажылыққа барған адам сауаптан көрі жұрт мені мақтасын, айтсын, мойындасын деген синдромнан арыла алмағаны, понттың шыңына жеткені көрініп тұр. Діни көзқараспен қарасам да, қай жағынан ойлансам да, түсінуге сонша тырыссам да, қабылдай алмадым... ол кісінің жария түрде бұлай понт жасауы біздің қоғамның әбден қараңғыланып, миының догмамен шектеліп, орта ғасырлық деңгейге түсіп, дебилизм мен тупизмге күн сайын жақындап жатқанын білдіреді.

Нұрлан Жанайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1069053
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар