Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-151990658361 %39 %
2019-11-161216428648 %52 %
2019-11-171150368439 %61 %

Үкіметтің "Жастар жылындағы" іс-қимылы сылбыр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 13:20 - 2019/11/07



Кеше Парламент Мәжілісінде болған кезекті «Үкімет сағатында» Елбасы жариялаған Жастар жылының алғашқы қорытындыларын қарадық.
Шынын айтсақ, Тұңғыш Президентіміздің Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде Үкіметке берген тапсырмаларының орындалу барысы көңіл көншітерліктей болмай шықты. Осы жөнінде депутаттар өткір сын мен орынды ұсыныстар айтты.

Мәселен, биылғы жылы жас мамандарға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 3 мың пәтер беру көзделген. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 21,6 миллиард теңге бөлінді. Қазіргі уақытта әкімдіктер 7 тұрғын үйдің, яғни небәрі 330 пәтердің құрылысын жүргізуде. Қалған 2 мың 670 пәтерді қайталама нарықтан сатып алу жоспарланған. Қаржы да, сұраныс та бар. Алайда, бүгінге дейін жұмыс істейтін жастардың ешқайсысы баспанаға қол жеткізген жоқ. Үкімет өкілдері әркімнің босағасын сағалап жүрген іні-қарындастарымыздың қолдары жалға берілетін баспанаға қараша-желтоқсан айларында жетеді деген уәде берді.

Үкімет «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге баратын жас мамандарға біржолғы жәрдемақы мөлшерін 70 айлық есептік көрсеткіштен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру туралы тапсырманы да толық орындамаған. Қажетті қаулыны мамыр айының соңында әрең қабылдап, мәселені жергілікті бюджеттер есебінен шешуді облыстық әкімдіктерге тапсырған. Алайда, облыстық әкімдіктердің көпшілігі бұл қаулыны орындауға қажетті қаржыны әлі тауып берген жоқ.

Елбасының «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына енгізілген мамандықтар тізбесін кеңейту жөніндегі тапсырмасы да созбаққа салынып отыр. Ал аудандық әкімдіктер мен ауылдық округтерге қазір 600-дей бас және жетекші мамандар жетіспейді.
Үстіміздегі жылы 15 мың жас кәсіпкердің мемлекеттік грант алып, өз ісін ашуы жоспарланған еді. Қазірге дейін олардың 8 мыңдайы ғана осындай қолдау көрген.

Ұзын сөздің қысқасы, Үкіметтің Жастар жылында алға қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы іс-қимылы сылбыр. Осыған орай, біз Үкіметтің жанынан мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру қажет деп тауып, тиісті ұсыныс жасадық. Өйткені, Жастар жылын өткізуге жауапты уәкілетті орган – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өзге мемлекеттік органдардың басшыларын «кілемге шақырып, шаңдарын қағатындай» құдіреті жоқтығы анық.

Кәрібай Мұсырман

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1069022
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Нұр-Сұлтандағы «Жағалау 11 min
ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҚАЖЫЛЫҚ ТА 14 min
Рамазан айында өткізілг 1 sagt
Нұр-Сұлтандағы «Жағалау 1 sagt
Елорданың сусыз қалған 1 sagt
Алматыда жүргізуші куәл 1 sagt
Асқазанның жедел қабын 1 sagt
Азан дауысы туралы шу — 2 sagt
Время - это иллюзия 2 sagt
А.Лукашенко 2020 жылы п 2 sagt
Франциядағы «Сары жейде 2 sagt
Маңғыстауда мас жүргізу 2 sagt
Бангладеште газ құбыры 2 sagt
БАС МҮФТИ САУД АРАБИЯСЫ 2 sagt
Калифорния штатында аты 2 sagt
Елордада «True or False 2 sagt
Алматыдан 327 шақырым а 2 sagt
Шымбұлақта шаңғы маусым 3 sagt
БҚО-да автокөлік аудары 3 sagt
Елорда полицейлері бейн 3 sagt
Пневмонияның алдын алу 3 sagt
Ақмола облысында ауылға 3 sagt
Ақтөбе облысында ауыл ш 3 sagt
Шаруаларға берілген арн 3 sagt
Қазақстанда 18 қарашада 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Подагра жайлы білесіз 4 sagt
Алматыда «Ел үміті» атт 4 sagt
СҚО-да медициналық көме 4 sagt
Қымбат Жампейісова. Сүй 4 sagt