Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Абаев: Экстремистік мазмұндағы 13 мыңнан астам материал жабылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 11:20 - 2019/11/07

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/100374



Қазақстан жыл басынан бері экстремистік мазмұндағы 13 мыңнан астам материалды жапты. Бұл ақпаратты 6 қарашада Нұр-Сұлтандағы дінтанушылар форумы барысында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

"2019 жылдың басынан бері интернет-ресурс иелері мен сайт әкімшілігіне ұсыныс айтылып, 25 мыңнан астам заңға қайшы материал жойылды. Терроризм мен діни экстремизм идеологиясын насихаттаған 13 мыңнан астам материал жабылды" деді Дәурен Абаев.

Қазақстан билігі жыл сайын "экстремизмді насихаттаған сайттар мен материалдардың жойылып" жатқанын хабарлағанмен олардың тізімін жариялаған емес. Олардың арасында "билікке жақпайтын сайттар" болуы мүмкін екеніне алаңдаған кейбір құқық қорғаушылар бұл процедура ашық болуы керек деп санайды.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1068949
Пікірлер

Көрші сілтемелер