Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19685218738 %62 %

Порошенкоға мүлік декларациясын дұрыс толтырмағаны үшін іс қозғалды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 12:40 - 2019/10/10



Украина мемлекеттік тергеу бюросы бұрынғы президент Петр Порошенкоға қарсы қылмыстық іс ашты. Саясаткер мүлік декларациясын дұрыс толтырмаған деген күдікке қалды. Бұл туралы Ukranews агенттігі бюроға сілтеме жасап хабарлады.

"Осындай іс тіркелгені рас" деді мемлекеттік бюро қызметкері. Мұндай істі қозғауға Жоғарға Рада депутаттарының бірінің арызы түрткі болған. Бірақ оның кім екені әзірге белгісіз.

Порошенко ірі көлемде айыппұл төлеп, үш жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұған қоса оған бірнеше жыл мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынуы ғажап емес.

Порошенкоға қатысты іс қозғалғанын "Слуга народу" партиясының депутаты Александр Дубинский растаған еді. Оның айтуынша, Порошенконың 2018 жылы өткізген мүлік декларациясында жалған ақпарат берілген.

Құжатта Порошенко жылдық табысын 12,4 миллионнан 16,9 млн гривен ($47,6 мыңнан $75,2 мыңға дейін) аралығында екенін көрсеткен.

Заңгер Андрей Портнов Украина Бас прокуратурасына Порошенконың қатысы бар офшор есептері туралы мәлімет жолдағанын хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленскийді де мемлекеттік тергеу бюросына шақырған. Мемлекет басшысы "Прямой" телеарнасын сатып алуға қатысты салық төңірегіндегі сауалдарға жауап берген.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1058103
Пікірлер

Көрші сілтемелер