Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19685218738 %62 %

Қырғызстанда 2020 жылдан бастап сырттан әкелінетін көлікке салық көбейеді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 11:40 - 2019/10/10



Қырғызстанда 2019 жылдың аяғында көліктерге салынатын баж салығының жеңілдетілген тарифі аяқталады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) тарифі күшіне енеді.

Мәселен, осыған дейін 2009 жылы шығарылған Toyota Camry көлігінің баж салығы 1250 доллар болса, 2020 жылдан бастап 13 600 доллар болады.

Қырғызстан ЕАЭО-ға 2015 жылдың 12 тамызында кірді. 2018 жылы қырғыз үкіметі кеден салығын 2014 жылғы деңгейге түсірген.

Елдің экономика министрлігі ЕАЭО келісіміне сәйкес Қырғызстан 2020 жылға дейін баж және салық төлемдерін өзі қалағандай қоюға құқығы бар екенін хабарлаған.

Кеден қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың 1 қаңтарынан 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ЕАЭО-дан тысқары елдерден 17 304 көлік әкелінген. Олардан алынған 1 млрд 659 млн 439 мың сом баж салығы бюджетке түскен.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1058054
Пікірлер

Көрші сілтемелер