Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-16470140937 %63 %

Елімізде 100-ден астам мектеп үш ауысымда оқуға мәжбүр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 15:40 - 2019/08/14



Биылғы оқу жылында 405 мың бала мектеп табалдырығын аттайды. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 20 мың балаға көп. Алайда, мұның демографиялық деңгейге еш қатысы жоқ. Себебі, биыл бірінші сыныпқа 6 жастан бастап қабылданады. Ересектердің қарсылығына қарамастан бұл норма  бәрібір енгізілді. Алайда, ата-аналардың алаңдауына еш негіз жоқ дейді министрлік.

-Заң нормасы бар. Мен мемлекеттік қызметкер ретінде, министр ретінде, бұл норма орындалуы керек деп санаймын. Сондықтан 6 жастан бастап балалар мектепке барады, бірақ бұл ата-ананың құқығы. Біз бұл туралы бұрын да айттық. Алты жасқа келмеген баланы оқуға мәжүрблеу бізде жоқ,- деді ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов.

Алайда шенеуніктер бұл тығырықтан үш ауысымды оқу жүйесі арқылы шығатын секілді. Әзірге бұл мәселеде Шымкент қаласымен қатар Алматы, Атырау облыстары көш бастап тұр. Ал, жалпы Қазақстанда үш ауысымда оқитын 120 мектеп бар. Алайда бұл мәселені асығыс шешу оң нәтиже бермейді. Мәселен, Нұр-Сұлтанда бұл мәселені шешу алдағы бес жылға жоспарланып отырған көрінеді.

-Қазір елорда мектептерінде 17 мың орын жетіспейді. Ал, 1 қыркүйекте үш ауысымды сегіз мектеп болады деп күтіп отырмыз. Сондықтан елорданы дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, алдағы бес жылда біз 37 мектеп салуымыз керек», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1034293
Пікірлер

Көрші сілтемелер