Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-121633409037 %63 %
2019-12-13756201740 %60 %

ТЖД басшысы Алматыдағы сел қаупі жөнінде мәлімдеме жасады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 11:00 - 2019/08/14



Қарғалы бөгетінен ТЖД бастығы:

2019 жылдың 14 тамызында Наурызбай ауданында шағын сел жүрді. ХАЛЫҚТЫ ХАБАРДАР ЕТІП ҮЛГЕРДІК. Зардап шеккендерді жинайтын пункт пен эвакуациялау пункттерін анықтадық. Энергетика қызметтеріне жарық пен газды өшіруге бұйрық берілді. Ескерту, халықты шығарамыз. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Қарғалы өзені арнасының төменгі аймақтары, яғни Әуезов және Алатау аудандарының тұрғындарына хабар беруде. Қаланың барлық қызметтері жұмылдырылды. Жақын маңдағы елді-мекендерге төнер қауіп жоқ.

Эвакуациялық пункттер:

1. Ескі әкімдік. Жандосов-Рыскулав.

2. Шахмерденовадағы 175 мектеп

3. 158 мектеп. Жандосов-Яссауи

Айта кетейік, бүгін таңертең Наурызбай ауданында Қарғалы өзені бойында аз мөлшерде сел жүрді.

Бұл туралы қалалық ТЖД қызметі халықты құлақтандырып үлгерді. Кейін сел жүру қаупіне байланысты Наурызбай ауданында эвакуациялау пункттері белгіленді. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданындағы сел орнына барды.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1034158
Пікірлер

Көрші сілтемелер