Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-121633409037 %63 %
2019-12-1312325433 %67 %

Ең көне адам сүйегі Африкадан тыс аймақтан табылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 14:20 - 2019/07/12



Ғалымдар Африкадан тыс аймақта табылған сүйек қалдықтарын ең көне адамға жатқынды. Грекияда табылған бас сүйек қалдығына кем дегенде 210 мың жыл болған.

Бұл туралы Nature журналы жариялаған зерттеуде айтылды.

Сүйек қалдықтары Апидима үңгірінде 1970-жылдардың аяғында табылған. Оның жасы енді ғана анықталған. Ғалымдардың пікірінше, табылған сүйектердің бірі 170 мың жыл бұрын өмір сүрген неандертал адамына, ал екіншісі - Homo sapiens'тің (Есті адам) ежелгі өкіліне жатады.

Грекияда табылған бас сүйек қалдығы өткен жылы Израильде табылған сүйектерден 16 мың жыл үлкен. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Ғалымдар ашқан жаңалық расталса, Homo sapiens тарихы елеулі өзгеріске ұшырайды. Бұған дейін ғалымдар қазіргі адамдардың атасы Еуропаға шамамен 45 мың жыл бұрын Африкадан келген деп есептеп келген.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1022287
Пікірлер

Көрші сілтемелер