Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-21488310821 %79 %
2019-07-22557193641 %59 %
2019-07-23315106937 %63 %

Ықылас Дүкенұлы шығармашылығына арналған кеш өтті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 12:40 - 2019/07/12



ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Мәжіліс залында «Жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақтың атақты күйші-қобызшысы, композитор, қылқобызда ойнаудың асқан дүлдүл шебері Ықылас Дүкенұлының туғанына 176 жылдығына арналған «Тоғыз тарау» атты шығармашылық кеш өтті.

Шара барысында Ықылас Дүкенұлы туралы 1993 жылы «Қазақтелефильм» киностудиясында режиссер Тілеген Ахметов түсіріген «Ықылас» атты деректі фильмнен үзінді көрсетілді. Кешке белгілі өнер адамдары, музыкатанушы ғалымдар, күйшілер, әншілер және Ықылас Дүкенұлының ұрпақтары мен күйшінің жерлестері қатысты. Белгілі қоғам қайраткерлері мен өнер адамдары Мұхаметқасым Шәкенов, Әбдіманап Көпбергенұлы, Көпен Әмірбек, Мұсағали Дуамбеков, Жанғали Жүзбаев, Жанұзақ Мүсәпірлер күйші шығармашылығы туралы тың ойларын ортаға салды.

Қазақ ұлттық Өнер академиясының Қобыз және орыс халық музыкасы кафедрасының аға оқытушысы, Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Алмат Сайжан мен Ықылас Дүкенұлының ұрпағы, Қобыз өнерінің дәстүрлі ұстанушысы, Күйшілер одағының Атырау обл. филиалының жетекшісі, Республикалық конкурстары мен xалықаралық фестивальдердің лауреаты, Атырау облысындағы Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ xалық аспаптар оркестрінің солисі Ақнар Тәттібайқызы Шәріпбаева Ықылас Дүкенұлының күйлерін нақышына келтіре орындады.

Ы.Дүкенұлының портретін салған суретші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанұзақ Мүсәпір дәулескер күйші Ықылас Дүкенұлы суретінің қыр-сырымен жұртшылықпен бөлісті.

Кеш соңында Ы.Дүкенұлының ұрпақтарының атынан Хабар телеарнасының техникалық қызметінің бастығы Еділ Ермекбаев пен Қобыз өнерінің дәстүрлі ұстанушысы, Күйшілер одағының Атырау обл. филиалының жетекшісі, Республикалық конкурстары мен xалықаралық фестивальдердің лауреаты, Атырау облысындағы Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ xалық аспаптар оркестрінің солисі Ақнар Тәттібайқызы Шәріпбаева сөз алды. Ықылас Дүкенұлы артына қайталанбас музыкалық мұрамен бірге өзінің іздеушісі боларлық ұсқынды ұрпақ қалдырғандығын атап өтіп, күйшінің ұрпақтары туралы, ұлдары мен қыздары, немере-шөберелері туралы толыққанды ақпарат берді. Ықылас Дүкенұлының мұрасын насихаттау  жұмысы ары қарай жалғаса беретіндігіне тоқталды. Шараның ұйымдастырушысы «Жаңғыру» қоғамдық қорының қызметкерлері мен кешке келген жұртшылыққа алғыстарын білдірді.

Кешті Шалқар радиосының қызметкерлері белгілі өнертанушы, күйші, Сәрсенғалы Жүзбай мен әнші Жасұлан Наурызбайұлы күйшінің шығармашылығына талдау жасай отырып, жүргізді.

Қазақтың атақты күйші-қобызшысы, композитор, қылқобызда ойнаудың асқан дүлдүл шебері Ықылас Дүкенұлының биыл туғанына 176 жыл. Ықыластың өскен ортасында күйшілік өнер айрықша әспеттелетін дәстүрге айналып, дәулескер күйшілердің қалың шоғыры қалыптасқан. Тәттімбет, Сары,Тоқа, Дайрабай, Қыздарбек, Итаяқ, Әбди сияқты күйшілердің Ықылас бірінің даңқын естіп, күйін құлағына құйып өссе, келесісінің көзін көріп, қадірлес сыйлас болған. Бұл ортада бағзыдан жеткен теріс бұрау күйлері ұшталып, өрісін ұзартқан. Ықылас болса сол ұлы дәстүрді қобыз тілінде жалғастырушы дәулескер күйші.  Қорқыт атадан кейін тәңірлік аспапқа адамның тілін дарытып, жоғын жоқтатып, мұңын мұңдатқан біртуар композитор. Кештің мақсаты – насихатталуы кемшін дәстүрлі музыка мен оның танымал тұлғаларының бірі - Ықылас Дүкенұлының шығармаларын тыңдарман назарына ұсыну және ол туралы тың деректерді рухани айналымға қосу болатын.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1022234
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


ҚР Премьер-Министрі Sof 4 min
Шен үшін арын да, бары 5 min
Линжың юе – ы зорлықты 5 min
Осы араны басып көріңіз 5 min
«Алматы қалалық Интерак 9 min
Осы араны басып көріңіз 15 min
БАӘ-де қазақстандық қой 19 min
Құрылыста отандық матер 25 min
Арасанда шяңзысу саяхат 25 min
Аптап ыстық қашанға дей 25 min
Еліміз жаратылыстық бай 25 min
Ержан Жиенбаев ҚР Премь 25 min
Ресей реваншистері туы 25 min
Ши жинпиңның жаңа ٴдауы 25 min
Еліміздің бірқатар өңір 28 min
Ақмолада киікті қорғаға 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Үй жағдайындағы тырнақ 1 sagt
Елімізде қанша көл мен 1 sagt
Шымкент жастарының құқ 1 sagt
Автономялы райондық әйе 1 sagt
Тоғызыншы қабаттан құла 1 sagt
Қазақстан 60-тан аса ел 1 sagt
Алғашқы нәтижеге қараға 1 sagt
”шинжяңның ауыл шаруашы 1 sagt
Бұл Президент сынын ха 1 sagt
Жас босанған әйелдің өл 1 sagt
Жерді сату және жалға б 1 sagt
Ардақ Назаров жастарды 1 sagt
Ақмолада киікті қорғаға 1 sagt