Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16433263247 %53 %

Ғаббас Қабышұлы. Бір министр (әңгіме)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 16:00 - 2019/07/11



–Құрметті министр мырза, радиомызға хош келдіңіз!

–Хош!

–Рұхсат етсеңіз, сұхбатымызды бастайық, а?

–Давай-те!

–Тыңдарман қауымға әуелі өзіңізді таныстырсаңыз.

–Сіз таныстырдыңыз, министр деп, - всё! Мені Қазақстан весь знает, всё!

–Өмірбаяныңыздан қысқаша мағлұмат берсеңіз жөн болар еді.

-А, «өмірбаян» и «мағлұмат» не? Доклад и характеристика?

-Биографияңызды айтсаңыз.

-А-а, мен осында туған, өскен, мектеп, институт деп, содан аспирантура болды, Москвада, онда Советский Союз болды. Мен оқыдым, защитился, кандидат наук, содан сонда научно-исследовательский институтта болдым, жеті жыл. Сышыада төрт жыл болдым, работал по специальности. Казахстан независимый болды, шақырды, келдім. Екі жыл начальник отдела, үш жыл замминистра, а потом, министр, уже бір жыл... так... так... сегіз ай. Болды, бітті.

–Отбасыңыз туралы да айта отырсаңыз?!

–Отбасы? Ол не? Квартира да? У меня коттедж, двухэтажный.

–Отбасы дегеніміз – семья...

–Ол зачем? Жоқ, керек жоқ, зачем?

–Солай ма?

–Конечно! Мен.. ведь премьер-министр емес или президент, пока, так что керек жоқ!

–Еркіңіз, министр мырза. Ендеше өзіңіз басқарып отырған министрлік туралы, яғни оның міндеттері, жоспарлары, табыстары, кемшіліктері бар  дегендей, тыңдармандарымызға жан-жақты айтып беруіңізді өтінемін.

–Пожалуйста! Біздің министр... біздің министерство, то-есть, қазір... еще молодой. Солай болса да, штат бар, жетеді, почти бір мың қызметкер, по республике, олар опытные, қандай задание болсын – жақсы істейді. Олар көп  біледі, оқыған, істеген и істеп жүр. Как специалисты, жақсы, бары жақсы, просто.

–Негізгі міндеттеріңіз не?

–Негізгі міндет... значит, основные задачи, да? Біз президентке, мемлекетке, халыққа служить етеміз. Мен пионер болдым... значит... «Будь готов!» – «Всегда готов!». Комсомол болған. А біздің институтта военная кафедра болған, военный лагерьде болдым, а там, сіз білесіз, «Служу Советскому Союзу!» – дисциплина же! Бізде қазір дисциплина күшті, өте күшті! Айтылды – всё! Істеу керек – всё! Қазақстан үшін! Моральный жағдай, материальный жағдай тоже жақсы. Квартира, транспорт, еще что – бары жақсы! Менде бес заместитель бар, олар коттедждерде тұрады, мені екі иномарки: «Мерседес» и «Тойота» обслуживают, а орынбасарларда, ну, по должности...  екеуін үш авто, үшеуін екі авто обслуживают, тоже иномарки. Ол жақсы, тез, оперативно, быстро, главное – бары качественно істеледі.

–Кешіріңіз, сонда негізгі жұмыстарыңыз не?

–Сіз не, осында специально шақырасыз, а білмейсіз, что ли?

–Бәрін де өз аузыңыздан естігеніміз дұрыс дейміз де.

–Өз ауыз... причем ауыз? А мен айтып отырам! Облыстарда управлениялар бар, қалаларда, аудандарда подразделениялар бар. Олар без исключения жақсы істейді...

–Кешіріңіз, не істейді?

–Вы подождите, мен барын айтам. Облыстарда управлениялар бар дедім, олар полностью укомплектованы, кадр жетеді, қандай міндет бар – сразу істейді, качествосы жақсы, вот что главное сейчас. Молодежь көп, оқыған, істеген, жақсы! Керегі, жақсысы – олар қандай міндет бар, дұрыс біледі, просто без подсказки істейді, а это всех нас радуют просто! А аудандарда, а, мен тағы айтайын, біздің министрде, то есть, өзімізде, облыстардағы управленияларда, аудандардағы подразделенияларда ветерандар да бар, олар керек, біз оларды жоғары ұстап, уважаем, оларда орден, медаль, почетные грамоты бар, и тағы болады. А аудандарда...

–Министр мырза, кешіріңіз, бізге бөлінген уақыт...

–Ой, қайда, қайда? Ну куда торопитесь? Ведь наш советский экспресс остановку «Коммунизм» давно проехал, давным давно, ха-ха-ха!..

–Министр мырза, ол түсінікті ғой, біздің тыңдармандар сіздің министрліктің немен шұғылданатынын түсіне алмай қалатын болды, жұмыстарыңыздың сипатын ашып айтып беріңіз.

–«Сипат?» Ол не? Качества что ли? Мен айттым, бары качественно, оперативно, тез, дұрыс деп айттым. А аудандарда не бар, қазір айтамын...

–Кешіріңіз, маған ескерту белгі берілді, бір-ақ минут уақытымыз қалыпты, ең соңғы сұрағымды қояйын...

–Давай-те!

–Сіз тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілінің, яғни қазақ тілінің мәртебесі дегенімізді қалай түсінесіз?

–«Мәртебе» что?

–Мән-маңызы, абыройы, беделі!

–А, конечно, конечно, ол жақсы, жақсы! Мен оны на сто процент поддерживаю! Школдарды двенадцать класс жасасақ, тіл, мәртебе и так далее бары жақсы болады. Самый жақсы, дұрыс – анлийский язык! Оны сразу, детсадтан оқу керек!

–Рахмет, министр мырза, сау болыңыз!

-До свидания! Келгенше!..

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1021940
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Оралда қос бірдей жасөс 5 min
Британдық дәрігерлер си 8 min
Нұр-Сұлтаннан Шанхай ме 11 min
Ыстықкөлде жоғалып кетк 14 min
Димашпен салыстыру, өм 19 min
Хилұңжяң: емдеу арқылы 19 min
Оқу-ағарту істеріне таб 19 min
Тоқаев Мемлекеттік қызм 19 min
Астанада аптап ыстықтан 20 min
Бүрітбай Аяған: Ғылымға 23 min
Қазақстан ыстық десеңі 24 min
Ирак ДАИШ балаларын алы 28 min
Оралда туристер мінген 29 min
Ыстықкөлде скутермен жү 1 sagt
Партя орталық көмитетін 1 sagt
Чанжоудағы студент өлім 1 sagt
Ең сүйікті өрт өшіруші 1 sagt
Алматыда көлік өртенді 1 sagt
Үйленуге дәнекер болу – 1 sagt
Павлодар облысы әкіміні 1 sagt
Павлодар облысы әкіміні 1 sagt
«халық гәзеті»: кәдрләр 1 sagt
Атакентті жаңғырту жоба 1 sagt
«Құдайы қонақ» дегенімі 1 sagt
Арыс қаласында 1 172 үй 1 sagt
Жаңа iPhone-да қандай 1 sagt
Ас ішіп, аяқ босатар, е 1 sagt
Азық-түлік хәуіпсіздігі 1 sagt
Қазақстан Президенті Ме 1 sagt
Оралда суға батуға әрек 1 sagt