Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-2010047628 %72 %

Оюлы кілемдер көрмесі | "Айқын" газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 20:50 - 2019/04/27


Сәуір айының 25-29 аралығында Ұлттық музейде қазақ қол жұмысы кілемдерінің «Оюлар сыры»  атты көрмесі өтуде. Экспозицияға қазақстандық жеке коллекциядағы 100-ден астам кілем ұсынылуда. 

Осы бірегей экспонаттың барлығы бағзы заманнан-ақ ұлы даладағы қазақ халқының кейінгі ғасырлардағы дәстүрлі көркем мәдениетінің негізін құраған бейнелеу өнерінің лүпілі мен дамуының бірі екенінің нанымды дәлелі.

Көшпенділер өркениеті бейнелеу өнерінің білдекті түрін жасаған жоқ, алайда ол киіз үйді көркем безендіретін жабдықтардың ең маңыздысы саналатын бірегей құбылыс кілемді жасап шығарды. Қазақ шеберлері киіз үйді безендіру үшін түкті және түксіз кілем, алаша, өрнектелген басқұр тоқыған.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары сынды оңтүстік өлке түкті кілем тоқитын дәстүрлі орталық ретінде мойындалған. Тықыр тоқыма өнері жаппай барлық жерде таралған.

Түксіз кілемдердің ішінде арабы кілем және бес кесте ең әдемілері саналады. Оның ою композициясы өрнекті және біртүсті жолақтардың бірқалыпты кезектесуі арқылы жасалады. Бұл жерде омыртқа деп аталатын ірі гүлөрнектер мен алабас деп аталатын түрлі түсті сатылы жолақтар ұсақ геометриялық өрнектермен сәтті үйлесім табады. Бес кесте деп аталтын кілем мүйіз бөлшектері бар ұсақ геометриялық оюлармен безендіріледі.

Жерге төсеуге арналған текеметтер көркемдік әсерінің ерекше күштілігімен, үлкендігімен және көркемдігімен таңғалдырады. Композициялардың симметриясы мен оюлардың графикалық анықтығы – киіз бұйымдарының келесі түрі сырмаққа тән. Киізден жасалған төсеніштердің оюларында байлық пен дәулеттіліктің символы саналатын қошқар мүйізоюлардың әртүрлі нұсқалары басымдыққа ие. Алайда текеметтерге қарағанда, сырмақтардың ою композициясы ағаш, жапырақ түріндегі өсімдік мотивіндегі шоғырланған өрнектерге бай.

Қабырғаға ілетін тоқылған түскиіздер де көптүстілігімен, өсімдік стиліндегі ою-өрнектердің көптігімен,байлығымен, талғамдылығымен ерекшеленеді. Оларды барқыттан, шұғадан немесе жібектен тігетін болған. Отбасылық бақытты көрсететін түскиіз кілемдердің басқа түрлері сияқты қалыңдық жасауының міндетті бөлігі саналған.

Бүгінде ойы және орындалу техникасы терең көне суреттердің тұтастығынан тұратын канонды қазақ кілемдерінің толыққанды коллекциясын жасақтау қиын әрі қымбат. Көрме бір алаңнан еліміздің кілем тоқушы ең үздік шеберлердің қолдарынан шыққан кілемдерді көруге тамаша мүмкіндік береді.

 

Анар Қоныс,

Сурет: Советбек Мағзұмов.

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=987902
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


20 шілде. ҚазАқпарат кү 1 min
Қазақстанның 4 қаласынд 1 sagt
Атырауда заңсыз қызмет 2 sagt
Аялдамалар алып тастала 3 sagt
Биыл 3200 адам қажылық 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Республика даңғылында қ 3 sagt
Елордалық полицейлер қа 4 sagt
«Қазақтану» пәні енгізі 4 sagt
Ұлттық кеңестен не күте 4 sagt
Астаналық нарық – жақс 4 sagt
Қазақстанның бірқатар о 4 sagt
Алты жастан мектепке ба 4 sagt
Жылу беру маусымына дай 5 sagt
ҚАЛДЫҚТЫ ДА КӘДЕГЕ ЖАРА 5 sagt
Президент кубогы: Финал 5 sagt
Иран АҚШ санкциясынан қ 5 sagt
Ілгерлеу бар, бірақ бая 5 sagt
Мүгедектерге нысандарды 5 sagt
Пәкістанда экс-премьер 5 sagt
Қарағандыда «Бақытты от 5 sagt
Қиын жасөспірімдер «Жас 5 sagt
19.07.2019 - Parasat ma 5 sagt
Қолды болған құндылықта 6 sagt
Қазақстандық дзюдошылар 6 sagt
Көне дәуірден сырт тарт 6 sagt
Тіл ортақ болмай, қоғам 6 sagt
Муфаса мақалдап сөйлейд 6 sagt
Зеленскийдің партиясы ж 6 sagt
Теннис: Александр Бубли 7 sagt