Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-2126490944 %56 %

Елім дегеннің еңсесі биік | "Айқын" газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 16:25 - 2019/04/27


Туған жерімді көркейтсем дейтін азаматтар кең-байтақ Отанымыздың қай түкпірінен де табылары даусыз. Олар дабырасыз, ың-шыңсыз ғана ізгілік дәнін сеуіп, өздері де содан жандарына қанағат тауып, тіршілігін сүре береді.
Сондай атпал азаматтардың бірі – Қазалы ауданындағы «Сыр маржаны» ЖШС-ның директоры, облыстық мәслихат депутаты Мінажадин Өтеев.

Ол 1957 жылы Қазалы ауданының Бекарыстан би ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді, бухгалтер-экономист. Еңбек жолын 1979 жылы аға экономист болып бастаған ол мамандығынан 1999 жыл­ға дейін қол үзген жоқ. Аудан шаруа­шы­лықтарында бас экономист, бас бухгалтер қызметтерін атқарды, салық саласында, қазынашылықта еңбек етті, Ұлттық банктің Ленинск бөлімшесінде бас бухгалтер болып жұмыс істеді. 1999 жылдан бастап кәсіп­керлікке ден қойды.
Жиырма жылдай шаруашылықтардың экономика саласындағы жұмыс тәжірибесі, салық, қазынашылық, банк саласындағы қызметтері кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруіне көмегін тигізді. Қысқасы Мінажадин Сражадинұлы кәсіпкерлікпен айналысуға дайын келді. Ол – 1999 жылдан бастап «Сыр маржаны» ЖШС-ның директоры.
Киелі топырақта туып-өскен, бүгінде ел ағасына айналған, еңбегі еленіп, «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Құрмет» орденін иеленген. Қазалы аудандық мәслихатының ІІІ-V шақырылымдарының депутаты болып депутаттық қызметтен тәжірибе жинақтаған оны жерлестері облыстық мәслихаттың депутаттығына ұсынды.
Ол облыстық мәслихаттағы Nur Otan фракциясының және Экономика, қаржы және бюджет комиссиясының мүшесі ретінде белсенді еңбек етіп келеді.
Депутат ретінде халыққа негізгі бағдар­ламалық құжаттар туралы ақпарат беруге негізделген, халық арасындағы ақпараттық түсіндіру жүргізуде ақпараттық-насихаттық топтар құрамында кездесулерге жүйелі түрде қатысады.
Атап айтқанда, Н.Назарбаевтың «Төр­тінші өнеркәсіптік революция жағ­дайын­дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін, «Қазақстан­­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын халыққа жеткізуде белсенділік танытып жүреді.
Мінәжадин Сражадинұлы облыстық мәслихат депутаты ретінде Nur Otan пар­тиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тиісті кестеге сәйкес, ал қызмет орнында азаматтарды өтініштері бойынша күнделікті қабылдауды жүзеге асырып келеді.
Атап айтқанда, жыл ішінде партия филиалында төрт рет, қызмет орнында тоғыз рет қабылдау жасап азаматтардың талап-тілегін қанағаттандыруға күш салды. Жеке қабылдауға келген негізінен аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мүгедектердің өті­ніштеріне сәйкес 2018 жылы 1,5 млн теңге қаржылық демеушілік жасады.
Ол депутат ретінде Nur Otan партиясының партиялық жобаларына қатысуда да белсенділік танытып жүр. Нақтырақ айтар болсақ, «Ұлы дала қазынасы», «Жастар Отанға», «Кедергісіз келешек», «Ардагер­лерді ардақтайық», «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» бағыттары аясында батыр аналарға, дарынды мектеп оқушы­ларына, мүгедектерге т.б. қамқорлықты қажет ететін азаматтарға 1 млн теңге көле­мінде қаржы құйған.
Мінәжадин Сражадинұлы экономика, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі ретінде мемле­кеттік, үкіметтік және өңірлік бағдарла­маларының іске асырылуы барысының тиімділігін арттыру, бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалуы бойынша да әрдайым сауатты ұсыныстар жасап отырады.
Депутаттың ұсынысы бойынша, аудан көлемінде бірнеше құрылыс объектілеріне қаржы бөлініп, әлеуметтік нысандар пай­далануға берілді.
Атап айтқанда, Жанқожа батыр ауылын­дағы спорттық кешенге, Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығын қосуға байланысты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобалық құжаттарына, Әйтеке би кентінің 55 көшесін орташа жөндеуге, Ақтан батыр ауылын абат­тандыруға, Ақсуат ауылынан 90 орындық балабақша салуға қаржы бөлдіруде оның еңбегі бар екені даусыз.
Сонымен бірге, ірі қара мал етінің экс­порттық әлеуетін арттыру жобасы аясында серіктестік 3 000 басқа арналған мал бор­дақылау кешенін іске қосып, асылтұқымды бұқашықтарды бордақылауды жолға қоюда.
Ет кластерін жасау мақсатында Қызыл­ор­да қаласынан ет комбинатын салу жұмысы қолға алынып жатыр. Мал тұқымын асыл­дандыру мақсатында Чехия Республи­касынан ет бағытындағы «ангус» текті сиыр малын әкелу жұмыстары ұйымдастырылып келеді.
Ал Қазалының «Сыр маржаны» күріші Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыстан, Түркіменстан, Украина елдеріне экс­портталады.
Сонымен бірге, 2018 жылы өзбек еліне 100 бас мүйізді ірі қара малы экспортталды.
Мінажадин Сражадинұлы өзі еңбек етіп, өсіп-өніп келе жатқан Ақтан батыр ауы­лының ғана емес, түгелдей Қазалы ауда­нының инвесторы болып саналады. Аудан көлемінде өтетін түрлі іс-шаралар, қайырым­дылық шараларына белсене қатысады. Қандай да бір халық қажетіне жарайтын қайырымды істердің басынан табылады.
Ақтан батыр ауылындағы 100 орынды мешіт, Шәкен ауылындағы 100 орынды клуб, аудан орталығындағы «Ардагерлер үйі» құрылыстарының бас демеушісі Мінажадин екені халыққа белгілі.
Мінажадин Сражадинұлы – сенімге сызат түсірмеген, сырын сыртқа шашпаған, алып-қашпа әңгімеден бойын аулақ ұстай­тын, кісінің сыртынан ғайбат сөз айтпайтын, күншілдікті бойына дарытпаған, өзгелердің табысына сәттілік тілеп, қалтқысыз, бүкпесіз қуана білетін, мансапқа емес, ел игілігіне қызмет етудің өнегесін көрсетіп жүрген қоғам қайраткері.

Т.ӘМИТЖАНҰЛЫ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=987828
Пікірлер

Көрші сілтемелер