Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-082923931263 %37 %
2019-12-091715700253 %47 %

Топыраққа көмілген Күлтөбе тарихында мың сыр бар | "Айқын" газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 16:00 - 2019/04/27


Түркістан облысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен пресс тур өтті. Министр БАҚ өкілдерін Күлтөбе қалашығында атқарылып жатқан археологиялық қазба жұмыстары және Қарнақ елдімекеніндегі Тайқазан темірін балқытқан пеш орны мен ортағасырлық Сауран қалашығымен таныстырды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы ежелгі Ясы қаласы мен бүгінгі Түркістан қаласының қайнар бастауы болған тарихи ескерткіштің ерекше мәртебесін атап өтті.

– Түркістан жерінде керемет тарихи орындардың барын бәріміз білеміз. Бұл жер ең алдымен Ясы атауымен белгілі дамыған қала болған. XI ғасырда шаһар өзінің гүлденуінің ең керемет кезеңдерін бастады. Осы уақытта Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келген. Одан әрі қарайғы көркейген кезеңі – XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығы. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанында Әбілмәмбет ханның ордасы бар. Ол әлі толық зерттелген жоқ. Одан басқа бірнеше хандардың сүйегі осы жерде жерленген. Бұл Түркістан жерінің тек рухани орталық емес, қазақ хандығының орталығы болғанының да дәлелі. Түркістан – қазақтың қаншама хандары мен билері, батырлары жатқан жер.  Әлемдік өркениетпен тең дәржеде дамыған қаламызды мақтанышпен айта аламыз.. Түркістан маңайында кірпіш күйдіріп, темір балқытқан орындардың табылуы да соның дәлелі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында темірді өңдей бастаған біздің ұлы дала деп айтып өткені белгілі. Археологиялық қазба жұмыстардың арқасында көптеген қызықты дүниелер табылып жатыр.

Тарих үшін Күлтөбенің маңызы зор. Күлтөбе қалашығы Ұлы Жібек жолының бойындағы ерекше орталық болған. Мұның алдында археологиялық жұмыстар баяу жүрді. Ал қазіргі кезде Елбасы Түркістан қаласын тек облыс орталығы ғана емес, бүкіл түркі дүниесінің ортақ қаласына айналады деп шешкен соң, осы жылы қазба жұмыстарын жандандырып жатырмыз. 27 гектар жерді алып жатқан Күлтөбеден сыры ашылмаған қаншама құпияларды анықтауға болады. Архитектура жағынан өте жоғары дәрежедегі қала болған. Біздің мақсатымыз осыны бір жыл ішінде кеңінен көрсету, – деді министр.

Қазіргі таңда Күлтөбе қалашығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты жүргізіп жатқан археологиялық қазбада 15 ғылыми қызметкер, 40 лаборант жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында 950 шаршы метр жерге жұмыстар жүргізіліп, қазақ және қоқан хандығы дәуірлерінің үй орындары мен үйді тіреуге арналған тас бағаналар және тандыр пештер мен дәліз,  есік орындары да анықталды.

Айта кетсек, Мәдениет және спорт министрлігі ЮНЕСКО мәдени мұрасы ескерткішін сақтау мәселесіне байланысты жұмыс жүргізуде. Осыған орай, халықаралық сарапшылық топпен тығыз серіктестікте қызмет атқаратын  жұмыс тобы құрылып, ЮНЕСКО-ның барлық талаптарын ескере отырып Түркістан қаласын дамыту бойынша Бас жоспар әзірленуде.

Бүгінгі күні сарапшылар фотограмметрия, тарихи шекара мен буферлік аймақ шекарасының тарихи ақиқатына талдау жасады. Ескерткіш шекарасының жағдайы зерттеліп, қалпына келтірілген бекініс қабырғасына тексеру жүргізілген және кесенені визуалды қабылдауға реставрациялық жұмыстардың ықпалына мән беріліп, ұсыныстар әзірленді. Мәдени мұра ескерткішіне ықпал етуді бағалау есебі  Бакуде 2019 жылдың 30 маусымы мен 10 шілдесі аралығында  Дүниежүзілік мұра бойынша комитеттің отырысының 43-сессиясында қарастырылады.

Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру жобасын жүзеге асыру 2019-2021 жылдарға көзделген. Ашық аспан астындағы археологиялық парк-музей экспозициялық және археологиялық нысан ретінде қызмет атқарады деп жоспарлануда.

А.Ахметқазы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=987822
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Мемлекеттік саяси кеңес 2 min
Ирактан қайтарылған бал 2 min
Елордада «Дарын» жастар 2 min
中国哈萨克语广播网 2 min
Оралда полицей қатысы б 8 min
Бүгін елордада қар таза 12 min
Танымал қазақстандық ау 12 min
Что нужно учесть перед 17 min
Шинжяң гәзетінде‹‹сәнді 22 min
Алланың рақымына бөлейт 22 min
Осы араны басып көріңіз 22 min
10 желтоқсан күні Қазақ 23 min
中国哈萨克语广播网 1 sagt
Гонконгта ұсталған қаза 1 sagt
Алматыда жазушыларға қо 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Шинжяң гәзетінде ‹‹кәсі 1 sagt
Гонконгте ұсталған қаза 1 sagt
Жаңа Зеландияда жанарта 1 sagt
Қазақстан мен Оман арас 1 sagt
Солтүстік Қазақстанда ө 1 sagt
Алматыда дизайн-код бой 1 sagt
Қарағанды облысында жыл 1 sagt
Жамбылда қалың тұман ке 1 sagt
«Қазислам» порталының ә 1 sagt
Жоңғар-Алатау ұлттық са 1 sagt
Тілек Ырысбек. Айнадағы 1 sagt
Жоспар. Жыл сайын 100 ж 1 sagt
Ресей спортшылары 4 жыл 1 sagt
Алдыңғы 11 айда елімізд 1 sagt