Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16372242649 %51 %

Тіл тұғырына тіреу | "Айқын" газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 15:25 - 2019/04/27


Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы гуманитарлық білім саласына айтарлықтай жаңа леп әкелді. Себебі, әлемнің ең үздік деген университет оқулықтарын қазақ тіліне аудару тіл тұғырын биіктету деп түсінемін.

Университетте мәдениеттану, философия, этика-эстетика сала­лары бойынша оқытушылық қыз­метімді бастағанда, жасыра­ты­ны жоқ, қазақ тіліндегі ғылы­ми ақпарат жұтаңдығы көңілге қаяу түсіретін. Жекелеген маман­дар, тіпті іргелі жоғары оқу орындары өз бетімен қазақ тіліне танымал шетелдік оқулықты аудару мәселесін кешенді түрде шешуге қауқарсыз екенін де жақсы түсінетінбіз. Өйткені оқулықтың авторлық құқығына рұқсат алу, оның аудармасы мен редакциясын сапалы қамтамасыз ету, басып шығару – тек айтуға ғана оңай, аса күрделі шаруа.
Бірақ осы күрделі де маңызды іс дер уақытында жүзеге асы­ры­лып жатыр. Елбасымыздың тікелей қадағалауымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілін­дегі 100 жаңа оқулық» жоба­сы бойын­ша былтыр жарыққа шық­қан Алан Барнардтың «Антро­­пология тарихы және тео­риясы» кітабының және биыл аударылған Юрий Лотманның «Семиосфера» кітабының ғылы­ми редакторы болдым. Бола­шақ­та Юрий Боревтың «Эстетика» оқул­ығын редакцияламақ жоспа­рым бар. Аталған кітаптардың барлығы да менің мамандығыма тікелей қатысты. Әрі мақтанып айтарлық жайт – Алан Барнард­тың кітабын мен кезінде жетек­ші­л­ік еткен PhD доктор Жұлдыз Жұмашева аударып шықты. Бұл ұрпақтар сабақтастығының бір көрінісі деп есептеймін.
Жобаны тиімді жүзеге асыру ар­қылы біз, біріншіден, қазақ ті­лін­де білім алып жатқан сту­дент­­тер мен ғылыми ізденуші­лер­­ге әлемдік ғылымның соңғы жетістіктерімен ана тілінде таны­су мүмкіндігін береміз. Бұл жоба отандық университеттер беретін білім мазмұны мен деңгейінің әлемдік оқу орындарымен теңе­суі­не, қосдипломды оқу бағдар­ла­маларын даярлауға жол ашады. Себебі, жоғары оқу орындарымыз бен шетелдік әріптестердің оқу бағдарламаларын үйлестіруге, нәти­жесінде, отандық гумани­тар­­­лық білім саласын заман ағы­мы­на бейімдеуге мүмкіндік туғы­зад­ы. Озық оқулықтар білім сапа­сын көтеруге, мазмұнын жан-жақты жаңартуға, тың әдіс­темелерді игеруге, сыни ойлау қабілетін арттыруға негіз болмақ.
Оның үстіне, оқулықтар­дың электронды нұсқалары мен онлайн курстары шығатынын ескерсек, бұл жоба цифрлы Қазақ­станға қосқан өзіндік үлес бол­мақ. Сонымен қоса, антропо­ло­гия оқулығы бойынша көруге ыңғай­лы 25 онлайн видеодәріс даяр­лан­ған­дығы да белгілі. Ол да қазіргі заманауи білім беру тех­но­логия­ла­рын қолдана оты­рып, қа­шықтан оқытуға зор мүмкіндік береді.
Нәтижесінде, ана тіліміздің ғылыми ортада қолдану аясын ұлғай­тамыз, қазақ тіліндегі гума­ни­тарлық ғылым өрісінің ке­ңеюі­не мүмкіндік туғызамыз. Мем­ле­кеттік тілдің таным көк­жие­гін кеңейтіп, оны жаңа ғылы­ми ақпараттармен байытамыз. Де­мек, қазақ тілінің жаһандық үрдіс­тер ауанында жұтылып кет­пей, заманға сай дамуына жағдай жасаймыз.
Енді бұл оқулықтарды оқу бағ­дарламасында қолдану мәсе­ле­сіне келер болсақ, жобаның алғашқы кезеңінде аударылған оқу құралдары 112 университеттің гуманитарлық бағыттағы факуль­тет­терінің оқу үдерісіне енді. Нақты айтсам, «Антропология тарихы және теориясы» оқулығы Абай атындағы ҚазҰПУ-да та­рих, аймақтану, психология, фи­­ло­­софия, мәдениеттану, ме­нед­ж­мент, экономика маман­дық­тарында оқытылады. Сон­дай-ақ әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университетінде де фило­софия, мәдениеттану, дін­тану мамандықтарындағы сту­дент­тер бұл пәнді негізгі оқу кур­­сы ретінде оқиды. Ал 2018-2019 жылдары аударылған оқу­лық­тар қатарындағы «Се­миос­фераға» келетін болсақ, ол осы жоғарыда аталған маман­дық­тармен бірге, барлық тіл маман­дықтарында – филология, лин­гвис­тика, сондай-ақ өнертануда сұранысқа ие кітаптар тізімінде тұратынына сенімдімін.

Ақтолқын ҚҰЛСАРИЕВА,
Абай атындағы
ҚазҰПУ-дың проректоры

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=987812
Пікірлер

Көрші сілтемелер